Қазақ поэзиясына өзінің азаматтық үнімен, сырлы сазды лирикалық өлең, дастандарымен сүбелі үлес қосқан қазақтың көрнекті ақыны Сағи Жиенбаев 1934 жылы мамыр айының 15-жұлдызында Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы "Оймауыт" ауылында дүниеге келді. 1955 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін Жезқазған қаласындағы мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. Дарынды ақынның алғашқы өлеңдері сол кезден бастап республика баспасөзінде жариялана бастады.
Сағи Жиенбаев 1956 жылдан бастап біржола шығармашылықпен айналысты. Ол "Қазақ әдебиеті", "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газеттерінде, "Мәдениет және тұрмыс", "Жұлдыз" журналдарында бөлім меңгерушісі болды. Ұзақ жылдар бойы "Жазушы" баспасында поэзия редакциясын басқарды.
Сағи Жиенбаевтың лирикалық өлеңдері оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленіп, әдеби сында жоғары бағасын алды. Тұманың тұнық суындай жарқыраған Сағи жырлары - ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына қосылған салмақты дүниелердің қатарында.
Ақынның өлеңдері туысқан халықтар және шетел тілдеріне аударылып жарық көрді. Ол қазақ композиторларымен шығармашылық байланыста болды. Ғазиза Жұбанованың "Еңлік - Кебек", Базарбай Жұманиязовтың "Махамбет" операларының либреттосын жазды.
Ақынның алғашқы "Қарлығаш" аталатын өлеңдер жинағынан кейін "Сыйлық", "Таң алдында", "Дала гүлі", "Қайырлы таң", "Алтын қалам",' "Нан мен түз" таңдамалы жинағы, "Іңкәр дүние", "Жарық жұлдыздар", "Бақ құсы" өзге де отызға тарта елең жинақтары,тандамалы дастандары жарық көрді. Кеңестер Одағының батыры Әлия Молдағұлова хақында жазған "Әлия" поэмасы кезінде оқырман қауымнан жиғары бағасын алған еді.
Ақынның ең таңдаулы өлеңдері музыка тілінде сөйлеп, халық арасында кең тарап кетті.
Сағи Жиенбаев тәржіма саласында да көп еңбек етті. Ол А.С.Пушкин,М.Ю.Лермонтов, О.Туманян, В.Брюсов, Я.Смеляков, Р.Ғамзатов, Д.Кугультинов, М.Қанағатов, Д.Сасунскийдің өлеңдерін қазақша тәржімалады. Мектеп оқулықтарына енген шығармалары: "Әлия", "Бозторғай", "Жарық жұлдыздар", "Жиырма сегіз",
"Ботақан", "Қошақан", "Бұзауқан", "Ұшып келем".
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетіне жаңа түр, күрескерлік идея, жанды бейне, көркем образдар әкелген ақиық ақын, ірі қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, жазушы-драматург.
Ол 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған.
Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық көзқарасының қалыптасуы Ақмоладағы приходская школада, қалалық үш кластық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқуымен тығыз байланысты.
1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкеннің "Өткен күндер" атты өлеңдер жинағы Қазанда басылып шығады.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі Сәкен өмірінде, оның азаматтық тағдырында ерекше орын алады. Ел ішінде бала оқытып жүрген жас ақын патша қылағаннан кейін Ақмолаға келеді. Ол 1918 жылы маусым айында ақтар Ақмолада Кеңес үкіметін құлатқанға дейін жас үкіметті орнықтыруға көп еңбек етеді, әлеумет қайраткері, саяси күрескер болып шынығады. "Бақыт жолында" драмасы 1918 жылы Ақмола жастарының көшімен сахнаға қойылады. 1918 жылы 4 маусымда ақтар Ақмоладағы билікті өз қолына алғанда, бір топ күрескер жолдастарымен бірге Сәкен де атаман Анненковтың азап вагонында тауқымёт шегеді. Колчак түрмесінде отырған 9 ай тозақтан Сәкен қашып құтылады. Бұл революциялық коресстің шежіресі - "Tap жол, тайғақ кешу" романында (1927 )баяндалған.
Кеңес үкіметі тұсында Сәкен ірі мемлекет қайраткері дәрежесіне көтеріледі. Ол Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, Жер-су комиссиясының председателі, 1922 жылы Қазақстан Комиссарлар Советінің председателі болып сайланады. 1922-1925 жылдары "Еңбекші қазақ" газетінің редакторы болып Сәкен қазақ баспасөзінің негізін қалады.
1925-1937 жылдары Жазушылар одағында басшы болып, жоғарғы оқу орнында ұстаздық етті.
Оның қаламынан туған "Асау тұлпар", "Домбыра", "Көкшетау", "Қызыл ат", "Альбатрос" т.б. сияқты поэма кітаптары, "Жер қазғандар" "Айша", "Жемістер" т.б. прозалық шығармалары, "Қазақ әдебиеті", "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" т.б. зерттеу еңбектері ұлттық әдебиетімізді биікке көтерген шығармалар.
Сәкен сазгер ретінде қазақ музыка мәдениетінің дамуына да үлес қосты.
Сталиндік жолсыз жаза ақынды 1938 жылы, ақпан айында мерт қылды.
Бердібек Соқпақбаев
Бердібек Соқпақбаев – қазақәдебиетінде өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау мен психологиялық бейнелеудің де өзгеше бір жолын тапқан талантты жазушыларымыздың бірі еді. Жасынан өмір талқысын көп көрген адамныңөмірбаяндық деректері оның шығармаларына арқау болды. Ол сол көргендері мен сезінген дүниесін 30-жылдардағы ауылдың ауыр тұрмысы, Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі ауыр кезеңнің шындығына сәйкес жаңартып, ой елегінен өткізіп, типтік орта шындығына лайық типтік бейнелер арқылы аша білді. Бүгінде кез келген қазақтыңқара баласына Соқпақбаевтың кім екенін түсіндіріп жату артық болар, оның «Менің атым Қожасы» әрбір үйде Абаймен, Мұхтармен бірге ұлттыққазына ретінде сақталуда десек қателпеспіз. Өйткені, Соқпақбаевтың есімі көзі тірісінде-ақәрбір мектеп баласының жүрегінен мыu
9;тап орын алған болатын. Жазушы: Сегіз жасымда шешем өліп жетім қалдым. Колхоздастырудың алғашқы жылдары – ең бір қиын кез. Содан соңғы басымнан кешкендерімді ойлай бастасам осы күнніңөзінде жүрегім қарс айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым, осы күнге қалай жеттім?! Нағыз итжандыныңөзі екенмін ау деп таңданам». «Балалық шаққа саяхат» повесі – міне, осы толғаныстардан туған дүние. Ондағының бәрі де шын, бәрі де болған. ... Өмірбаяншы: Жазып та көрдім мен де өлең, Жазып та көрдім қара сөз. Ерте ме, кеш пе мен де өлем, Өлмейді тек дана сөз...- деген жазушыныңөлең жолдары асыл ағамыздың рухына бас иіп, оныңөміршеңөлмес мұраларын қадірлеп келешек ұрпаққа жеткізер жолы іспеттес. Оныңәсіресе, балалар әдебиетіне байланысты бүкіл шығармашылығының мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол -өте ірі кесек тұлғалы балалар әдебиетінің бәйтерегі. Сонау сұрапыл 1942 жылдары Қарағандыға ФЗО-ның оқуына кетіп бара жатып: Нарынқол туып өскен ауданым-ай, Көркем жер болмас сенің аумағыңдай. Кетерде сенен ұзап көзім қимай, Қызыл тіл өлеңдетіп зауладым ай,- деп жазушыныңөзі жырлағандай, Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы қазанның 15-інде Алматы облысының Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтынан кейін Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауылдық мектепте ұстаз болып, кейіннен баспасөз саласына ауысты. «Қазақәдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөнінде әдеби кеңесші болды. Оқырман: Оқушы біздің Шалғынбай Жап-жас бала балғындай. Әлемге әйгі атағы, Көрінген жерде жатады: Партаныңүсті «Шалғынбай», Тартпаның іші «Шалғынбай», Тақтаның беті «Шалғынбай», Кітаптың шеті «Шалғынбай», Есікке жазған «Шалғынбай», Кесіп те жазған «Шалғынбай», Бұл маңайда Шалғынбай Жазбаған жеріңқалды ма-ай? Мұнымен атақ алмайсың. Үлгілі бала болмайсың. Өмірбаяншы: Шығармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастап, «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының белсенді авторы болды. 1950 жылы «Бұлақ» деп аталатын өлең жинағын шығарған. Кейіннен балалар мен жасөспірімдерге арналған прозалық шығармаларын жазды. Оның балаларға арнап жазған туындылары балалардыңғана емес, үлкендердің де сүйіп оқитын шығармаларына айналды. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде жазушының сценарийі бойынша қойылған «Менің атым Қожа» фильмі арнаулы жүлдеге ие болған. Ол тек балаларға арнап шығармалар жазып қойған жоқ, сонымен қатар жасөспірімдерге арнап «Бозтөбеде бір қыз бар» атты пьеса, «Өлгендер қайтып келмейді» атты роман, «Гауһар» атты повесть және тағы басқа да жиырмаға жуық кітаптарын шығарды. Жазушы: Мен жазған дүниелердің ішінде жұртқа көбірек танылғаны «Менің атым Қожа» повесі болса керек. Бұл шығарманыңәуелгі аты «Өзім туралы повесть» Алматыда біраз қиналыспен басылды. Қожаның жағымды қылықтарынан жағымсыз қылықтары көп. Балаларға бұл кітап қандай тәрбие бермек деп, алая қарағандар аз болған жоқ... Мектептегі барлық баланы хулиган етіп шығарғыларыңыз келсе, бұл кітапты тезірек басыңыздар депті рецензент... Орыс тіліндегі «Қожаның» тұсауын Москва кесті. ...Қазақтың сүйкімді де қара сотқар баласы осыдан соң бүкіл Совет Одағын аралап кете барды... Біраздан кейін кітап Парижде француз тілінде басылды. Қазақфильм «Менің атым Қожа» повесі бойынша көркемсуретті кинофильм түсіруге кірісті. Режиссері – Абдулла Қарсақбаев. 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды. Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардыңқатарына қосылып кететін балалар аз емес қой... Өмірбаяншы: «Жас Бердібек көз көргендердің айтуына қарағанда, жас кезініңөзінде-ақ ешнәрсеге жасымайтын, ешнәрседен жасқанбайтын отты, өжет болған екен. Ол сыйлауға, сыйласуға өте жақсы еді. Бірақ талғампаз болатын. Кейде тым кіділеу, тым кірпияздау көрінетін. Ал шын жаны жақтырған адамға, көңілі сенген кісіге ақжарқын да адал болатын. Екі сөйлемейтін,өтірік айтпайтын. ..» - бұл, жастайынан бір ауданда бірге өсіп, кейіннен дәм-тұздары жарасып, жазушымен сыйлас болған қарт қаламгердің жан тебіренісі. Жазушы: Қай жазушы болсын, өзінің жақсы сезінген, көрген, білген, жете зерттеген жайларын жазады. Және үлкен бір қаламгер: «Әр жазушы әуелі өзін жазады» деген екен. Осыларға саятын болсақ, мінез құлық, іс-әркет жағынан Қожа менің балалық шағыма көбірек ұқсайды. Повесть өзім, достарым, мектебім, туып-өскен ауылым жайында әңгіме қозғайды. Сондықтан да шығарманың 1957 жылы бірінші жарық көргендегі әуелгі аты – «Өзім жайлы повесть» болатын. Оқырман: Бердібек Соқпақбаев - Кеңес үкіметінің «қылышынан қаны тамып тұрған» кездіңөзінде тек өз жүрек қалауымен оқырмандарына жалғандықтан қашып шынайы шындықты жеткізе білген жазушыларымыздың бірегейі. Балалар өмірін шынайы сүйіспеншілікпен бейнелейтін хикаялары мен әңгімелерін жас та, қарт та, қазақ та, басқа да құмарта, қызыға оқиды десек еш артық айтқандық емес. Бердібек Соқпақбаев кейіпкерлерін қолдан жасамаған. Оның кейіпкерлері - өзі. Жазушы шығармаларын бірінші жақтан жазады. Яғни, шығарманы бас кейіпкер әңгімелеп отырады. Өмірбаяншы: «Өзін жазатын жазушымын» деп жоғарыда өзі айтқандай, автордың көпшілік шығармаларында өмірбаяндық деректер пайдаланылып, олардың бір-бірімен сабақтастығы байқалып отырады. Әсіресе, қазақ балалар әдебиетінде үлкен құбылысқа айналып, өзіндік бір жаңа леп, жаңаша бет ала келген «Менің атым Қожа» повесі де алғаш «Өзім туралы повесть» аталған. «Менің атым Қожа» повесі жарық көргенге дейін қазақәдебиетінде Қожаға ұқсайтын «тентек, сотқар» кейіпкер болмаған. Ең алғашында жұрт Қожаға әрине, тосырқай қарады. Тіпті, «балаларға бұл кітап қандай тәрбие бермек?», «Балаларды тек жақсы, өнегелі кейіпкерлер үлгісінде тәрбиелеу керек» деген сияқты пікірлер де болған.