Жоспар
Кіріспе
......................................................................................................................2
I – Бөлім
1.1.
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы.11
1.2.
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру....................................................17
II – Бөлім
2.1.
Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту....................................................................................................27
2.2.
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары.................................31
2.3.
Тәжірибелік жұмыс........................................................................................40
Қорытынды
..........................................................................................................42
Пайдаланған әдебиет
..........................................................................................44
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі:
Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Жұмыстың болжамы:
Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Жұмыстың объектісі:
Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.
Жұмыстың міндеті:
Жұмыстың теориялық негізі ретінде мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Жұмыстың практикалық мәні:
Осы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу тақырыбы болашақта менің тәрбиеші ретіндегі жұмысыма зор көмегі бар
Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады. Сонау ерте замандардан бермен қарай талай-талай ғұламалар, ойшыл педагогтар табиғатты тәрбие құралы деп қарағаны, осы тарапта қыруар енбектер қалдырғаны осының айғағы. Шығыстың екінші ұстазы атанған Әл - Фараби, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектері ересен қазына. Қазақстан атырабында тұңғыш балабақшалардың ашылуына атсалысқан Нәзипа Құлжанованың мақалалары мен талаптары да назар аударарлық. Арғы - бергі ұлы педагогтардың қай - қайсысы болмасын ақыл – ойдың, тілдің дамуындағы табиғаттың алатын орнын айрықша бағалаған. Солардың бәрі ұрпақ тәрбиесі дейтін ұлы мұратты жүзеге асыруда бізге жол сілтейді, демейді.
Ал егер республикада мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесін нақтылай сөз етсек, бізде бұл мәселе әлі де болса түбегейлі зерттеле қоймағанын, жете дәйектелмегенін мойындауымызға тура келеді.
Дегенмен...жекелеген ғалымдардың білім беру, тәрбиелеу мәселелеріне арналған еңбектерінде баланы дамыту жолдары, табиғаттың оқу - тәрбие үрдісіндегі орны мен қазақ халқының психологиясына ғана тән қасиет -табиғатты құдірет көзі деп қараған халық педагогикасының тарихына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ емес. Айталық, қазіргі педагогика саласында мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш класс оқушыларына еліміздің ғажайып табиғаты арқылы тәлім - тәрбие беру мәселелерімен педагог тәлімгер Қазына Аймағамбетова нысаналы да пәрменді шұғылданып жүр. Ғалымның бастауыш сынып балаларына тірі табиғат жайында ұғым беру мәселесіне арналған ғылыми еңбегі осы тұрғыда зерттеу жұмысымен шұғылданушы ізденушілер, аспиранттар үшін сындарлы дүние. Өйткені бұл еңбек республика көлемінде бастауыш сынып балаларына табиғат жайында түсінік беру мақсатын діттеген, жергілікті табиғат ерекшелігіне сай ана тілінде жазылған тұңғыш зерттеу жұмысы. Сондай-ақ тәлімгердің алты жасар және төменгі класс балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесі» және басқа еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, балаларға өзін қоршаған табиғат туралы алғашқы ғылыми ұғым беру мәселелері жүйелі қарастырылады. Әдіскердің ұсынысы табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек барысында жүзеге асыруды, түрлі әдіс - тәсілдерді, әсіресе көрнекіліктерге негіздей отырып жүргізуді ұсынады. Білікті ұстаз -ғалымның қай еңбегінде болмасын балаларды табиғатпен таныстыру үрдісінің негізгі әдісі ретінде объектіні тікелей бақылауға мән беріледі. Осы мақсатпен ғалымның педагогтарға нақтылы көмек көрсететін өте - маңызды сабақ, серуен, саяхат, ойын, еңбек жұмыстарының үлгі жоспарлары мен бағдарламалары негізінде, көп іздену қорытындысынан туған «Жылдың төрт мезгілі» (1981 ж.) диафильмі құнды құрал.
Алпысыншы жылдардан кейінгі кезде, балабақшаларда балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі құралдарының бірі «Жыл он екі ай» кітабы болды. «Жыл он екі ай» кітабы 1965 жылдан бермен қарай жарық көріп келе жатқан әдеби күнтізбек. Жинақтағы әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш «Қыс», көктем, жаз, қыс, күз атты бөлімдерге топтастырылған. Талай жылдардан бері жарық көріп келе жатқан бұл әдеби күнтізбекте өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайында түсінік қазақ балаларының ақыл-ойын, тілін дамыту мақсатында сәби қызығарлықтай етіп, кестелі тілмен жазылған. Оның құндылығы соншалық, бүгінгі күнге дейін мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларының сүйсіне тыңдап, қызықтап оқитын кітабының бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселелерімен шұғылданушы педагог - ғалым Бәшен Баймұратованың еңбектерінде табиғат тәрбие құралы ретінде орын алады.Тәлімгердің «балабақшадағы тәрбие бағдарламасына» сай қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары «Біздің кітап» (1—11) деген атпен херстоматиялық құрал болып, біріншісі 1974 жылы, екіншісі 1976 жылы, кейін өңделіп 1984 жылы жарыққа шықты. «Біздің кітапқа» енген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық.
«Біздің кітапқа», «Күз», «Жаңбыр жауғанда», «Көктемгі түн», «Жазды күні» т. б. балалардың жыл мезгілі жайында алған білімдерін бекіту мақсатында қолдану тиімді, қазақ жазушыларының бір топ өлең - тақпақтары енген.
Сондай - ақ ғалымның «Балалар әдебиетінін хрестоматиясы» (1978 ж) атты еңбегі балалардың табиғат, қоғам құбылыстары жайындағы түсініктерін әрі карай кеңейтіп, тереңдетуді көздеген. Кітапқа халық ауыз әдебиеті нұсқалары, табиғат құбылыстары мен жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты ауа - райының өзгеруін шебер суреттеген, Абай өлеңдерінен бастап қазіргі авторларды да қамтыған бірқатар шығармалар берілген. Балабақша тәрбиешісіне арналған «Өзіміз оқып үйренеміз», «Суретті қазақ тілі» атты кітаптарында балаларға табиғат жайында түсінік беретін сабақ жоспарлары, ойын, жұмбақ-тақпақ, әңгіме үлгілері берілген.
Балабақша, мектеп сахнасына арналған Ә. Табылдиев, А. Меңжановалардың «Әр қашан күн сөнбесін» (1977), «Әдеби музыкалық кеш ұйымдастыру тәжірибесінен» (1967) атты еңбектерінде балаларға табиғат құбылыстары, өсімдік - жануарларға арналған өлең - тақпақ , жұмбақтар берілген.
Жас бала өмірінің образы табиғат аясында (серуен, саяхат, еңбек негізінде) өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның сырларын ұғынады. Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы деп қарайды тәлімгер. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда әсіресе жұмбақтарды пайдаланудың мәні ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы дейді педагог.
Шакура Майғаранованың «Алты жастағы оқушыларды ұзартылған күн тобында тәрбиелеу методикасы» (1988 ж.) кітабында тәрбиешілер мен ата-аналарға кеңестер, балаларды табиғатпен таныстыру жоспарлары, ойын, еңбек, әңгіме үлгілері берілген. Мысалы «Тиын мен кірпі», «Кемпірқосақ», «Жауын», «Араның ұясы», т. б. Тіл дамыту, еңбек, ән, бейнелеу өнері сабақтары ашық аспан аясында, табиғатпен таныстыру сабағымен тығыз байланыста болуы керек. Алты жастағы баланы табиғат сырымен (жұпар иісі аңқыған гүл, жасыл желек жамылған ағаш, қалықтап ұшкан құс) таныстыру арқылы олардың бойында туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін оятады. Табиғаттың сан алуан сырларын түсіндіру арқылы бала сұлулықты көріп-біліп оған қуанады, адамгершілік, мейірбандылық сезімдері қалыпасады. Сондықтан да табиғат құбылыстарына бақылауды жүйелі түрде серуен, саяхат, сабақ кезінде жиі ұйымдастырып тұру қажет.
1964 жылы Ресей бағдарламасының негізінде, республика көлемінде тұңғыш рет балабақша бағдарламасы қазақ тілінде жарық көрді, бағдарлама қосымша өзгерістер мен жаңалықтар да енгізілді. Мысалы: «Балаларды айналамен және табиғатпен таныстыру» бөлімінде жергілікті табиғат ерекшелігіне сай, республика көлемінде өсетін өімдіктер мен мекендейтін жануарлар, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты адамдар еңбегі мен өмір тіршілігінің өзгеріп отыруының енгізілгенін баяндайды.
Халық педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданушы педагогика ғылымының докторы, ғалым Серғазы Қалиевтың халық дәстүрлерін оқу-тәрбие ісінде қолдануға арналған ғылыми мәні зор еңбектері бар. Ғалым табиғатты қорғаудағы біздің ата-бабаларымыздың бай тәжірибесі мен ой-сезімі жайында түсінік береді. Ертеден - ақ, сауатсыз кездің өзінде қазақ халқы табиғатты аялай білген. Қазақ халқының табиғатқа сүйіспеншілігін, олардың аңыз-ертегілерінен, мақал-мәтелден, ою - өрнектерінен байқауға болады. Мысалы, түс киіз бен сырмаққа, текеметке түсірілген өрнектер даланың хош иісті гүл бәйшешегін, бұлақ суларын, тау жоталарын немесе арқар мүйізді, құс тұмсығын, қарлығаштың қанатын елестетуі тегіннен тегін емес. Сондай - ақ халық емшілері жануарлардың емдік қасиеттерін байқап тәжірибеде кеңінен қолданған. Мысалы, күйкентайдың ұясын, борсықтың терісі мен майын өкпе ауруларына, иттің жүнін құлақ ауруларына немесе жылан, құрбақамен қорқытып, шошытып емдеу, т. б. Халық арасынада хайуанаттар мен жәндіктерді сақтау жөнінде ежелден қалыптасқан әртүрлі ырымдар бар. Ата-бабаларымыз қарлығаштың ұясын бұзсаң үйің өртенеді, құмырсқаның илеуін бассаң аяғың сынады, аққуды, тырнаны атуға болмайды, шөпті жұлма, көктей соласың деген сияқты әртүрлі тыйым-ырымдарын баланы табиғатты қорғау мақсатында пайдаланған. Табиғатта басы артық нәрсе жоқ. Бір жәндікті құрту басқа бірнеше жәндіктің тіршілігіне хауіп төндіруі сол арқылы адам баласының күн көрісіне нұқсан келтіру деген сөз. Адамның қиялына қанат бітірген тек табиғат қана.Ұрпаққа экологиялық білім берудің негізгі тәрбие орны — мектеп. Онда жас ұрпақ өзін қоршаған табиғаттың сыр - сипатын оқып, біліп қана қоймай, табиғатты қорғау жолына үйрететін экологиялык тәлім - тәрбие де алуы керек.Туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін ерте ояту үшін құрғақ насихаттан гөрі табиғат байлығы жайында мақал-мәтел, өлең - жырлар жаттау айналаны көгалдандыру, құстарға ұя жасау, алтын күз, құстар күні деген сияқты балалармен әңгіме өткізу, саяхатқа, серуенге шығарып тұруды ұсынады.
Сондай-ақ ғалым «Қазақ тәлім-тәрбиесі» атты еңбегінде табиғатқа сыр мен сымбат тәрбиесі ретінде қарайды. Мәселен, « Бала тілі шыға бастаған кезден-ақ өзін қоршаған ортаның ішкі сырларын отбасының үлкендерінен сұрап-білгісі келеді. Айталық балаға қыс пен жаздың, қар мен жаңбырдың т. б. табиғат құбылыстарының пайда болуы жұмбақ. Осыны үлкендерден сұрап-білгісі келген бала: «Күн қайдан пайда болады?», «Жаңбыр мен қар неге жауады?» деген сияқты толып жатқан сұрақтар қояды. Табиғат сырын ғылыми тұрғыда ұрпақтарға өресі жетпеген ата-аналар «Оны құдай жаратты» немесе «Ол саған неге керек. Жоқтан өзгені сұрайсың» — деп жазғырады. Білмегенді білуге деген құмарлық болса бойына туа біткен қасиет. Осы қасиетті жетілдіріп, жетектеп пісіріп отыру үлкендердің парызы — дейді.
С. Қалиев пен Б. Баймұратованың мектеп жасына дейінгі балалар үшін құрастырған «Өзіміз оқып үйренеміз» (1991 ж.) кітабында балаларға жыл мезгілдері, өсімдіктер мен жануарлар жайында жұмбақ, өлең-тақпақтар, әңгімелер берілген.
Табиғат адам баласының өмір сүріп, тіршілік ететін ортасы ғана емес, көркемдік сұлулықтың әлемі, молшылық, байлык көзі, таным негізі. Табиғаттың сан алуан жұмбақ сырларын адам баласы әлі де зерттеп біткен емес. Сонау Әл-Фараби өмір сүрген X ғасырдан бастап бүгінге дейін қаншама жүздеген жылдар өтті. Ғылымның, техниканың дамығандығы соншалық қоғамға әр түрлі жаңалықтар мен өзгерістер еніп жатыр, оның бәрінің бұлағы табиғат болып отыр. [1. 50]
Табиғатты қорғау және оның сан алуан баға жетпес байлықтарын дұрыс пайдалану адамзат алдындағы тұрған өзекті мәселе.
Экологиялық тәрбиенің негізін балабақшадан бастаудың өзі олардың қоршаған ортаны танып – түсінуге негіз жасайды. Табиғатты қорғау адам өмірінің қажеттілігі үшін ғана емес, жеріміздегі тіршіліктің жалғаса беруі үшін де қажет екенін түсіндіру шарт. Белгілі ғалым – педагогтар Н. В. Скалон, Ф. А. Веретникова, Б. Г. Иоганзен, тағы басқалар табиғат қорғаудың балалар үшін қажетті шарттарын атап өтіп, оларды отаншылдық, эстетикалық , адамгершілік тәрбие негіздеріне жатқызады. Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып көрсетілген, еліміздің барлық балабақша осы бағдарламаның негізінде жұмыс істейді. Оның мынандай екі мақсаты бар:
а) балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;
б) балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру.
Балабақшадағы табиғат қорғау жұмысын кең жолға қоюды Морковскаяның «Балабақшадағы табиғат бұрышы», Веретникованың «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру» еңбектерінде, балалар барлық уақытта табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым – қатынаста болады, жасыл орман, әдемі гүлдер, аң – құстар, жапалақтап жауған қар осының бәрі балалардың көңілін аударып қуантады, осылайша табиғатқа, өз Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болады. Балаларды табиғатпен таныстырубарысында адамгершілік, еңбек, деен және эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру қажет. Бұл күндері Қазақстанда білім беру саласы мен Қазақ табиғат қорғау қоғамы жасаған бірқатар әдістемелік құралдардың негізінде табиғатты қорғауды насихаттау белгілі жүйеге келтірілді. «Қазақстан» баспасынан шыққан С. Ысқақовтың «Табиғат және адам», С. Қаженбаев пен С. Мажмухатовтың авторлығымен шыққан «Табиғат қорғау кітабы», «Қайнар» баспасынан профессор Е. Мәмбетқазиев пен Қ. Сыбанбековтың бірлесіп шығарған «Табиғат қорғау» кітабы құнды еңбек болып отыр.
Абай 38-қара сөзінде табиғат байлықтарының өзара бір-бірімен байланысын өте шебер бере білген және табиғатқа рақымшылықпен қарауды, табиғат туындыларына қиянат жасауға болмайтындығын ескерте келіп, "қиянатшыл адам – мұсылман емес" дейді.
«Ғажайып құбылысқа қарап тұрып және ол туралы тыңдап жүріп адам дами түседі... Сұлу бейнелерден біз сұлу, яғни жақсы ойларға берілеміз. Ал сұлу өмірден — абсолюттік сұлулыққа көшеміз». /Платон/.
Ұлы ойшыл Абай табиғат туралы «Адамды қоршаған ортаның табиғаттың ішкі сырын білім- ғылым арқылы танып білуге болады» деген еді. Ы.Алтынсариннің 1879 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Қазақша хрестоматия» деген кітабында: «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Таза бұлақ» т.б. әңгімелері бала жанын тазалыққа, адалдыққа, туған жердің табиғатын сүюге, қайырымдылық пен жаңашырлыққа меңзейді.
Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы белгілі маман-ғалым А. Б. Салтыков: «Көркемдік талғам дегеніміз— әсемдікті ажыратар нағыз сұлулықты жалған сұлулықтан ажырата білу қабілеті»- деп тұжырымдайды.
Адамның эстетикалық сана-сезімінің дамуына әсер ететін, тәрбиелейтін құралдар аз емес, соның ішінде өнердің алатын орны ерекше. Өнер айналадағы болмысты көркем бейнелер арқылы қайта жаңғырта отырып, адамның танымдық сезіміне әсер етеді, жамандықтан жиреніп, әсемдікке еліктеуіне септігін тигізеді. Қызықты өмір болмысын, қайырымды да парасатты адам бейнесін өнер өзіне тән құралдар мен тәсілдер арқылы айшықты бейнелеп береді. Мұның бәрі айналып келгенде жеке адамды сұлулыққа, мәдениеттілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Қазіргі кезде киноның, теледидар мен радионың, өнер саласындағы әдебиеттер мен журналдардың арқасында әлемдік, Отандық өнер мен мәдениет жаңалықтары, жаңа бағыттар мен ағымдар туралы мағлұматтар халық бұқарасының арасына тез таралуына, ықпалына қарамастан, әрбір халықтың ұлттық ерекшелігімен біте қайнасқан әсемдік туралы өзіндік түсінігі, танымы әрқашан сақталып отырады.
Балалардың әсерлі эстетикалык ой-өрісін, көркемдік талғамын дамытуға зор ықпал жасайтын түрлі көркем шығармашылық іс-әрекеттердің дағдылар мен қабілеттіліктер мүмкіндіктерін ашып көрсеткен педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, республика ғалымдары да эстетикалық тәрбие мәселесінің жалпы жағдайын анықтау, ғылыми әдістемелік негіздегі жүйесін жасауда елеулі жұмыстар атқарды (М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, Н. Хмель, Е. Асылханов, В. Әлмұханбетов, Ә. Қамақов т. б.). Бірақ та бұл мәселенің аясында әлі де шешімін күтіп тұрған педагогикалық, психологиялық өзекті мәселелер мен міндеттер жеткілікті.
Қолда бар педагогикалық тұжырымдар мен іс-тәжірибелердің мазмұнын сын тұрғысынан талдай отырып, жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру міндеттерінің жүзеге асуы эстетикалық мағлұматтардың жиынтығын игертумен шектеліп, балалардың әсемдікті тану қабілеттіліктерін қалыптастыру көп жағдайда біржақты (ән айту, өлең үлгілерін жаттау, ою-өрнектер салу, т. б.) іс-әрекеттерге бейімделіп қана құрылғандығын көреміз. Сондықтан балалардың әр жас шағында игеруге тиіс көркемдік білім негіздерінің мазмұнын және оның көркемдік іс-әрекеттермен жүйелі бірлігін айқындау педагогикалық өзекті мәселелердің бірі. Атап айтқанда, қазіргі кезде жас-жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру жүйесінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыратын арнайы пән не? Әлде ол балалармен жүргізілетін түрлі бағыттағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын эстетикалық мәнге ие етуде пайдаланатын жалпы тәрбиенің бір бөлшегі ме? Немесе, көркемдік білім негіздерін «сұлулық заңдылығына» сәйкес игертуге бағытталған пәннің мазмұны қандай болуы керек? Әлде бұл құбылыс балалардың ойын, өзара қатынас, еңбек сиякты жетекші іс-әрекеттерінің аясында көмекші рөл атқара ма? — деген сұрақтарға жауап іздеу, нақты тәжірибелерге сүйеніп айқындау міндеттері тұр.
Бұл міндеттерді шешу төмендегідей мәселелерді:
1.Көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы көркемдік білім беру жүйесінің өзіне тән мазмұнын, мақсаттары мен нақтылы міндеттерін саралауды;
2.Мектепке дейінгі жастағы көркемдік іс-әрекеттер барысында игеруге тиісті білім мен дағдылар көлемін белгілеуді;
3.Көркемдік іс- әрекеттер арқылы балалардың шығармашылык ой-өрісін дамытудың педагогикалық және психологиялық негіздерін айқындап алуды талап етеді.
Көркем өнер — көркемдік талғамды қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Көркемдік тәрбиенің басты құралдары — бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың айналадағы табиғаттан, адамдар тірлігінің қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық мерекелерінен, т. б. алған эстетикалық әсерлерінің шығармашылық іс-әрекеттері барысында терең бекуіне, олардың әсемдікті өз қолымен жасауға талпынысы нәтижесінде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Туғал ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдернің ауысу құбылысы, құстардың үні, жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезімінде, түйсігінде әсерлі айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын білуге ынтықтырады. Балаларды көркемдікті игеруі мен оны өз қолымен жасауға бағытталған іс-әрекеттерінің аясында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің мәнерлілігі, көрнекілігі әрі танымдық әсерінің күштілігі балалардың шығармашылық белсенділігіне, сол арқылы олардың талғам өрісінің дамуына зор ықпал жасайды.
Балалар өмір құбылыстарын сурет салу, сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсіндеу, қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем өңдеу т. б. жұмыстар кезінде тереңірек танып, білуге мүмкіндік алады. Балабақшаның ересектер тобындағы балалары қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемі мен пішінін бояулар мен түстер арқылы бейнелей білуге жаттыға отырып, ол дағдыларды өз қиялымен сюжетті сурет композициясын құруда, көркем образ жасауда пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, пластилин, т. б.) әшекейлеудік тәсілдеріне машықтанады, бұйымдар үлгісін жасаудың жолдары мен оларды сәндеп әшекейлеудің амалын үйренеді. Ал, мүсіндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Қолданатын сазбалшық немесе пластилин арқылы сомдайтын бейненің сыртқы кескінін, олардың қимыл-қозғалыс пластикасының ерекшеліктерін, күнделікті көргендерін еске түсіре отырып мүсіндей білуге, мүсіндеу барысында тұлғалардың дене құрылысы, бөлшектердің өзара жарасымды байланысы туралы алғашқы түсініктерді игеруге мүмкіндік алады.
Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы көркемдік жұмыстар, балалардың түрлі-түсті қағаздардан арнайы сюжетті құрастыруға қажетті элементтерін, ұлттық ою-өрнектердің қарапайым үлгілерін қию арқылы тұлға силуэтінің (сұлба) сұлулығы, ал оюлардың жазықтық бетінде желімдеп жапсыру кезінде жеке элементтердің өзара жарасымдылығын, оюлардың өрнек композициясындағы ырғақтылығын, фон мен өрнек бояуларының түстік үйлесімділігін пайымдай білуіне үлкен көмегін тигізеді. Қатты қағаз, мата қиындылары, фольга, т. б. табиғи заттардан көркем құрастыру жұмыстары балалардың кеңістік ойлау қабілетінің және пішін, көлем сұлулығын сезіну, түйсіну дағдыларының дамуына мүмкіндік туғызумен бірге, олардың еңбек ету іскерліктерінің қалыптасуына жол ашады.
Балабақша балаларын ұлттық сәндік өнерге тән - кесте тігу, қуыршақ киімін дайындау, түрлі-түсті жүндерді пайдаланып ши орату, ши тоқу, т. б. сияқты іс-әрекеттерге араластыру, қазақ халқының тұрмысында кең тараған, қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан дәстүрлі сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдік нақышы туралы балалардың өз ойын пайымдай білуге баулу, көркемдік талғам өрісін кеңейте түсудің бірден-бір сындарлы жолы. [2.30]
Қорыта келе айтарымыз, бала тәрбиесімен, оған жүйелі білім беру мәселесімен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасын табиғатты назарынан тыс қалдырған емес. Себебі дүниеде, айнала қоршаған ортада адам танып-білетін, зерттейтін, оны күтіп-баптап, қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем — тек табиғат!
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі – бізге, ерексектерге байланысты. Балалар үйі балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:
1. саяхат;
2. мұражайларға бару;
3. мақсаттық серуендеу;
4. телебағдарламалар, бейнефильмдер;
5. табиғат туралы көркем әдебиеттер;
6. суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау;
7. музыка тыңдау;
8. дидактикалық ойындар, мақалдар, мәтелдер;
9. “Экознайка” қалалық жарысына қатысу.
Ересек және даярлық жастағы балалар “тірі” және “өлі” табиғат деген түсініктермен таныс. Экологиялық тәрбиелеу бойынша балалармен жұмыста экологиялық қауіпсіздікке көп көңіл бөлінеді. Педагогтармен “Балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы”тақырыбында педагогикалық кеңес жүргізілді. Педагогикалық кеңеске даярлық тобының педагогтары бізді қоршаған ортада балалардың қауіпсіздігін сақтау бойынша сабақтар жүргізді. Әрбір топта әр түрлі жағдайларды модельдеу үшін құралдар дайындалып ресімделген болатын. Балалар экологиялық ертегілерді, тақпақтарды, әңгімелерді, жұмбақтарды тыңдауды, өз ойларымен бөлісуді жақсы көреді. Балалармен сабақ баланы бізді қоршаған ортаның жағдайы әрбір адамға байланысты екендігін сендіруге көмектеседі. [3]
Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:
-педагогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;
-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;
-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.
Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.
Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді... Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғырлым көбірек үйренеді.
Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.
Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме ораласқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялык тәрбие меселелерін шешеміз.
Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиеленміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді.
Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.
Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;
2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
З.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5.Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру. Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. [4. 20]
Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ солар шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б. бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен обьектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса кажет болды.
Қиырсыз кең байтақ далада үнемі көшіп-қонып өмір сүру адамдардан кеңістікті жақсы бағдарлай білуді және жұлдыздар көмегімен құдықтар мен қоныс жайылымдар жолдарын дәл таба білуді талап етті. Көптеген көшпенділер негізгі аспан жұлдыздарын білумен қатар, ауа-райын да алдын-ала болжай алды. Бұл маусымдық жұмыстармен дұрыс жоспарлауға көп септігін тигізді. Айдың тууы мен аяқталуына орай күндізгі уакыт аспанда күннің орналасуына қарай бағдарланды.
Бұдан шығар қорытынды - біздің ата-бабаларымызды өмірдің өзі табиғатты, оның құбылыстарын жетік танып білуге тәуелді етсе, ал балалардың табиғат заттары мен құбылыстарын сәндік бейнелеу әрекетінде пайдалана алмауы тәрбиешілер жұмысының кемшілігінің көрінісі болып табылады. Сол себепті ересектер тобы балаларының жас ерекшелігін есепке ала отырып, қазақтың халыктық сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру барысында өлі табиғатқа қызығушылығын қалыптастыру қажет. Халықтық өнердің ою-өрнектік негізі мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына және шығармашылық іс-әрекетінде бейнелеуіне ыңғайлы да лайықты.
Қазіргі уакытта Қазақстан Республикасының ' 'Мектепке дейінгі тәрбие тұжырымдамасында" және жаңа бағдарламаларға сәйкес ересек топ балаларының алдына іскерлік-дағдыларды одан әрі жетілдіре түсу, оны халықтық сәндік ою-өрнекті бейнелеу әрекетіне пайдалану, сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру, оның негізінде табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр.
Балалармен жүргізілетін негізгі жұмыстарды төмендегіше топтауға болады:
- балаларды сәндік - қолданбалы өнермен таныстыруда берілетін табиғат заттары мен құбылыстары элементтерінің алуан түрлілігін анықтау арқылы ұйымдастыру;
- өлі табиғат заттары мен құбылыстарының мәні, сондай-ақ олардың адам өміріндегі маңызы жайлы бала түсінігін қалыптастыру;
-мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық әшекей элементтерімен таныстырудың бірізді жүйесін жасау;
-сәндік әшекейлерді жасау әрекетінде - практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.
Балаларды табиғат құбылыстарымен және оны сәндік әшекейлер жасау әрекетінде бейнелеу ісі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары арқылы жүзеге асады. Оның ішінде белгілі бір түсінікті бала санасына бейнелі жеткізетін көркем сөздің алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні – жұмбак.
Тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиімді пайдалану жаңа білімді игеру үрдісін жеңілдете түседі.
Табиғатқа қызығушылықты қалыптастыру және оны сәндік әшекейлеу әрекетінде пайдалана білудің шешуші міндеттері мыналар:
- балалардың табиғат құбылыстарының өзара байланысын пайымдай білуі және себеп-салдарын анықтауы;
- әртүрлі әдіс-тәсілдер және әрекет түрлерін пайдалану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты танып-білуге ұдайы қызығушылығын қалыптастыру;
-тәрбиешілердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және оны лайықты түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі.
Балалардың табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның обьектілерімен және құбылыстарымен таныстырудың әдістері мен түрлерін дұрыс таңдаумен қатар белгілі түсініктер мен құбылыстарды ажырата білудің де мәні зор. Мәселен, «аспан денелері» түсінігіне әлем, күн, жұлдыз, ай кірсе, ал «табиғат құбылыстары» тобына найзағай, жаңбыр, қар т. с. жататынын нақтылап түсіндіру қажет.
Табиғаттың әрбір заты және құбылысымен таныстыруды балалар бақылауына ыңғайлы жыл маусымы мен тәуліктің белгілі мерзімінде жүзеге асыруға тура келеді. Мысалы: күз маусымы кезінде түнгі аспанды бақылауға мүмкіндік мол. Себебі күз айында қатты суық болмайды, сондай- ақ күн ерте батады.
Аспан денелерінің ішіндегі бізге ең жақын орналасқаны - ай. Ай бетіндегі "теңіздер көлеңкесін", таулы қыраттарды жай көзбен-ақ, егер дүрбі болса, тіптен айқын ажыратуға болады. Балалар айдың көк жүзіндегі қозғалысын бақылап отырып, оның бейнесінің - орақ тәріздес жарты ай және толық ай болып үш кезеңге ауысуын байқай алады. Сондай-ақ жұлдызды аспанды бақылау және жұлдыздармен танысуды күз айларының ымырт үйіріле жүргізген ынғайлы. Таныстыру жұмыстарын "Жеті қарақшы" жұлдыздар шоғырынан бастағап жөн. Балалар "жеті қарақшыны" оңай таба алатын жағдайға жеткеннен кейін "Темірқазық" және "Кіші жетіқарақшы" жұлдыздар шоғырымен таныстыруға болады.
Балаларды айды, жұлдыздар әлемін бақылау өте қызықтырады, бірақ бұл жұмысты балабақша жағдайында ұйымдастыру мүмкін емес. Сол себепті ата-аналарға кешкі серуен кездерінде мүмкіндікті пайдалана білуге кеңес беріледі.
Аспан шырақтары туралы балалар білімін бекіту және оған қызығушылығын арттыра түсу үшін мектепке дейінгі мекемелерде баланың ата-анасымен бірге көріп-білгендері жөнінде әңгіме ұйымдастыру, табиғат жайлы әдебиеттерден әңгімелер оқу арқылы толықтыруға болады!
Мысалы: өткен заманда көшпелі тірлік кешкен ата-бабаларымыздың "қазыкты" - қазық деп атап, жеті қарақшының қалған алты жұлдызы сол қазық-жұлдызға байланып тұрғаңдай, түнімен орнынан тапжылмайтын қазықты "қойлар" айналып шығады деген түсініктерін ояту балаларға қызықты.
Табиғи обьектілер мен құблыстарды белгілі бір топтарға біріктіру - балалардың шын заттар туралы, олардың болмысы туралы нақты түсініктерін қамтамасыз етеді. Балалардың сәндік-әшекей, ою-ернек жасау әрекеті үрдісінде әртүрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады. Ойлау белсенділігін артыратын мұндай тәсілдердің бірі- салыстыру. Ол үшін тәрбиеші белгілі бір логикалық ой туғызатын жүйелі сұрақтар қоя білуі керек. Алдымен бақыланған дүниеге жалпы талдау жасайтын,одан соң өрнектің элементтері, құрылысын, түсін т.б. ажыратуды талап ететін сұрактар қойылады. Салыстырмалы бағалау балаларға кез-келген заттың безендірілу ерекшелігін, сонымен бірге құрылысындағы айырмашылықтарды байқауға көмектеседі. Мысалы: ұлттық киімдер, кілемдер т.б.
Іс-әрекет барысында ойын әдісін пайдалану балаларды жағымды эмоциялық сезім мен көңіл- күйге бөлеп, сурет салу, қию, жапсыруды үйрету үрдісінің тиімділігін арттырады. Ойын тәсілімен жүргізілген қайталау және жаттығу жұмыстары бірсарындылықтан аулақтатып, балалардың жалығуына жол бермейді. Ойын әдісін пайдалану кезінде әр балаға "шебер", "ыдыс бояушы", "тігінші", "зергер" т. с. с. рөлдері бөлініп берілсе, балалар үшін одан сайын қызықты болмақ.
Балалардың өз бетімен қорытынды шығара білуі үшін кез-келген заттың материалын және өрнек-әшекейлерін өзгертуді ұсыну тәсілін қолдану қажет (ағаштан ер тоқым, қымыз құятын ұзын мойын құмыра, бөренеден киіз үй жаса, ерлер шапанын гүлдермен әшекейлеу, т.б.).
Сәндік әшекей, ою-өрнек жасау әрекеті үрдісінде балалардың табиғат туралы білімдерін бекіту үшін, жоғарыда аталған әдістермен қатар арнайы түсірілген слайдтар, диафильмдер мен кинофилъмдерді ұжымдық көруді ұйымдастыруға болады. Мектепке дейінгі жаста балаларды табиғат заттары мен құбылыстарының элементтері туралы түсінік беруге негізделген сәндік-ою-өрнек жасау үрдісіне қатыстыру, тарту - олардың сезім мәдениетінің жетілуіне едәуір ықпалын тигізеді. Сондай-ақ анализаторлардың жетіле түсуі, сезімдік тәжірибенің қорлануы, балалардың логикалық ойлауын, зейінін, тілін ширатып, байқампаздық пен қызығушылық қасиеттерін қалыптастырады.
Жалпы алғанда осындай нысаналы, жүйелі тәсілдер арқылы балалардың көркемдік тәрбиесін жолға қоя отырып, адамгершілік қасиеттерін, жан дүниесінің баюын, көркемдік талғам мен шығармашылық қабілеттерін оятуға мүмкіндік туары кәміл. [5. 70]
1.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбие - дегеніміз баланың ақыл-ойы мен сезімін, ұшқыр қиялы мен ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру үшін балалардың әсемдік сезімі мен ұғымын, көркемдік, шығармашылық қабілетін үздіксіз дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға дағдыландыру қажет.
Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнер қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәйғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.
Тегінде бала сұлулықты форма мен мазмұнның бірлігі ретінде қабылдайды. Эстетикалық қабылдау сезім мен тебіренумен тығыз байланысты. Әсемдікке қызығудан туатын қуаныш, жайдары жан толғанысы эстетикалық сезімнің ерекшелігі болып табылады.
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тән ерекшелік- бұл шындықты соншалықты пәк, тікелей бейнелейтіндігінде, ғаламат шынайылығында, бейнелейтін заттың шындығына сенетіндігінде. Балалардың ойын әрекетінде қоршаған ортадан алған әсерін бейнелі түрде жеткізе білуіне тәрбиеші үнемі көмектесіп отыруы керек.
Сюжетті- рөлді ойындарға тақырыпты, мазмұнды таңдап алуда және белгілеуде ниет қана емес, шығармашылық ізденіс қажет.
Мектепке дейінгі балаларда шығармашылық нышандары байқала бастайды, ол ой құрау және оны жүзеге асыру қабілетінің дамуынан, өз білімін, ұғымын құрастыра білуінен өзінің ойын, сезімін, тебіренісін шынайы жеткізуінен көрінеді. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оларға үнемі ақыл- кеңес беріп, дұрыс тәрбие үлгісін көрсеткен жөн. Тәрбие барысында олар өз ойларын сөз, ән, сурет, би, драматизация арқылы бейнелеп жеткізу тәсілдерін меңгереді. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды, жағымды эмоция туғызады, қабілеттерін дамытады. Балалардың қабілетін дамытуда, педагогтың жеке басы, мәдениеті, білімі, өз ісін жете меңгеруі үлкен рөл атқарады.
Эстетикалық талғам балалардың өнерде, өмірде, тұрмыста шынайы әсемдіктен қанағат, рухани азық алуынан көрінеді.
Эстетикалық талғам — кең ұғым: ол өнердің терең мағынасын, тамаша шығармаларды түсінуді, одан ләззат алуы ғана емес, табиғаттың, еңбектің, тұрмыстың, киімнің сұлулығын түсінуді қамтиды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда үйрету үлкен рөл атқарады. Олар оқу үстінде балалар әдебиеті, музыкалық , сурет өнерінің классикалық шығармаларымен толық игеруді үйренеді.
Балалардың бойында эстетикалык талғамның негіздерін қалай отырып, біз оларды қоршаған ортаның әсемдігін көруге және сезінуге, оны аялауға баулимыз. Гүлдердің қауыз жарғанын көргенде оның жұртқа қуаныш сыйлауы үшін оны мәпелеп күту керек. Балалардың да көркемдік қабілеттерін, эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог рухани байлығы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеудің негіздерін қалай береді. [6. 29]
Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы белгілі маман-ғалым А. Б. Салтыков: «Көркемдік талғам дегеніміз— әсемдікті ажыратар нағыз сұлулықты жалған сұлулықтан ажырата білу қабілеті»- деп тұжырымдайды.
Адамның эстетикалық сана-сезімінің дамуына әсер ететін, тәрбиелейтін құралдар аз емес, соның ішінде өнердің алатын орны ерекше. Өнер айналадағы болмысты көркем бейнелер арқылы қайта жаңғырта отырып, адамның танымдық сезіміне әсер етеді, жамандықтан жиреніп, әсемдікке еліктеуіне септігін тигізеді. Қызықты өмір болмысын, қайырымды да парасатты адам бейнесін өнер өзіне тән құралдар мен тәсілдер арқылы айшықты бейнелеп береді. Мұның бәрі айналып келгенде жеке адамды сұлулыққа, мәдениеттілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Қазіргі кезде киноның, теледидар мен радионың, өнер саласындағы әдебиеттер мен журналдардың арқасында әлемдік, Отандық өнер мен мәдениет жаңалықтары, жаңа бағыттар мен ағымдар туралы мағлұматтар халық бұқарасының арасына тез таралуына, ықпалына қарамастан, әрбір халықтың ұлттық ерекшелігімен біте қайнасқан әсемдік туралы өзіндік түсінігі, танымы әрқашан сақталып отырады.
Балалардың әсерлі эстетикалык ой-өрісін, көркемдік талғамын дамытуға зор ықпал жасайтын түрлі көркем шығармашылық іс-әрекеттердің дағдылар мен қабілеттіліктер мүмкіндіктерін ашып көрсеткен педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, республика ғалымдары да эстетикалық тәрбие мәселесінің жалпы жағдайын анықтау, ғылыми әдістемелік негіздегі жүйесін жасауда елеулі жұмыстар атқарды (М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, Н. Хмель, Е. Асылханов, В. Әлмұханбетов, Ә. Қамақов т. б.). Бірақ та бұл мәселенің аясында әлі де шешімін күтіп тұрған педагогикалық, психологиялық өзекті мәселелер мен міндеттер жеткілікті.
Қолда бар педагогикалық тұжырымдар мен іс-тәжірибелердің мазмұнын сын тұрғысынан талдай отырып, жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру міндеттерінің жүзеге асуы эстетикалық мағлұматтардың жиынтығын игертумен шектеліп, балалардың әсемдікті тану қабілеттіліктерін қалыптастыру көп жағдайда біржақты (ән айту, өлең үлгілерін жаттау, ою-өрнектер салу, т. б.) іс-әрекеттерге бейімделіп қана құрылғандығын көреміз. Сондықтан балалардың әр жас шағында игеруге тиіс көркемдік білім негіздерінің мазмұнын және оның көркемдік іс-әрекеттермен жүйелі бірлігін айқындау педагогикалық өзекті мәселелердің бірі. Атап айтқанда, қазіргі кезде жас-жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру жүйесінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыратын арнайы пән не? Әлде ол балалармен жүргізілетін түрлі бағыттағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын эстетикалық мәнге ие етуде пайдаланатын жалпы тәрбиенің бір бөлшегі ме? Немесе, көркемдік білім негіздерін «сұлулық заңдылығына» сәйкес игертуге бағытталған пәннің мазмұны қандай болуы керек? Әлде бұл құбылыс балалардың ойын, өзара қатынас, еңбек сиякты жетекші іс-әрекеттерінің аясында көмекші рөл атқара ма? — деген сұрақтарға жауап іздеу, нақты тәжірибелерге сүйеніп айқындау міндеттері тұр.
Бұл міндеттерді шешу төмендегідей мәселелерді:
1.Көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы көркемдік білім беру жүйесінің өзіне тән мазмұнын, мақсаттары мен нақтылы міндеттерін саралауды;
2.Мектепке дейінгі жастағы көркемдік іс-әрекеттер барысында игеруге тиісті білім мен дағдылар көлемін белгілеуді;
3.Көркемдік іс- әрекеттер арқылы балалардың шығармашылык ой-өрісін дамытудың педагогикалық және психологиялық негіздерін айқындап алуды талап етеді.
Көркем өнер — көркемдік талғамды қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Көркемдік тәрбиенің басты құралдары — бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың айналадағы табиғаттан, адамдар тірлігінің қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық мерекелерінен, т. б. алған эстетикалық әсерлерінің шығармашылық іс-әрекеттері барысында терең бекуіне, олардың әсемдікті өз қолымен жасауға талпынысы нәтижесінде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Туғал ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдернің ауысу құбылысы, құстардың үні, жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезімінде, түйсігінде әсерлі айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын білуге ынтықтырады. Балаларды көркемдікті игеруі мен оны өз қолымен жасауға бағытталған іс-әрекеттерінің аясында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің мәнерлілігі, көрнекілігі әрі танымдық әсерінің күштілігі балалардың шығармашылық белсенділігіне, сол арқылы олардың талғам өрісінің дамуына зор ықпал жасайды.
Балалар өмір құбылыстарын сурет салу, сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсіндеу, қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем өңдеу т. б. жұмыстар кезінде тереңірек танып, білуге мүмкіндік алады. Балабақшаның ересектер тобындағы балалары қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемі мен пішінін бояулар мен түстер арқылы бейнелей білуге жаттыға отырып, ол дағдыларды өз қиялымен сюжетті сурет композициясын құруда, көркем образ жасауда пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, пластилин, т. б.) әшекейлеудік тәсілдеріне машықтанады, бұйымдар үлгісін жасаудың жолдары мен оларды сәндеп әшекейлеудің амалын үйренеді. Ал, мүсіндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Қолданатын сазбалшық немесе пластилин арқылы сомдайтын бейненің сыртқы кескінін, олардың қимыл-қозғалыс пластикасының ерекшеліктерін, күнделікті көргендерін еске түсіре отырып мүсіндей білуге, мүсіндеу барысында тұлғалардың дене құрылысы, бөлшектердің өзара жарасымды байланысы туралы алғашқы түсініктерді игеруге мүмкіндік алады.
Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы көркемдік жұмыстар, балалардың түрлі-түсті қағаздардан арнайы сюжетті құрастыруға қажетті элементтерін, ұлттық ою-өрнектердің қарапайым үлгілерін қию арқылы тұлға силуэтінің (сұлба) сұлулығы, ал оюлардың жазықтық бетінде желімдеп жапсыру кезінде жеке элементтердің өзара жарасымдылығын, оюлардың өрнек композициясындағы ырғақтылығын, фон мен өрнек бояуларының түстік үйлесімділігін пайымдай білуіне үлкен көмегін тигізеді. Қатты қағаз, мата қиындылары, фольга, т. б. табиғи заттардан көркем құрастыру жұмыстары балалардың кеңістік ойлау қабілетінің және пішін, көлем сұлулығын сезіну, түйсіну дағдыларының дамуына мүмкіндік туғызумен бірге, олардың еңбек ету іскерліктерінің қалыптасуына жол ашады.
Балабақша балаларын ұлттық сәндік өнерге тән - кесте тігу, қуыршақ киімін дайындау, түрлі-түсті жүндерді пайдаланып ши орату, ши тоқу, т. б. сияқты іс-әрекеттерге араластыру, қазақ халқының тұрмысында кең тараған, қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан дәстүрлі сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдік нақышы туралы балалардың өз ойын пайымдай білуге баулу, көркемдік талғам өрісін кеңейте түсудің бірден-бір сындарлы жолы. [7. 53]
Халқымыздың жалпы мәдениет деңгейін жоғары сатыға көтерудің және балалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың бірден-бір тиімді жолы көркем өнер болып табылады.
Эстетикалық тәрбиеде көркем өнерге ерекше орын беріледі. Ол толғанта және қуанта отырып, балалар алдында өмір құбылыстарының мәнін ашады, оларды қоршаған дүниеге үңіле қарауға мәжбүр етеді. Әсемдіктің әсер ықпалын бастан кешіруге, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге тәрбиелейді.
Баланың көркемдік дамуы ойдағыдай болуы үшін тәрбиеші (мұғалім) оның жасына сәйкес, іс-әрекеттерінің түрлерін дұрыс пайдалана білуі қажет.
Көркемдік тәрбие әдістемесінің негізіне - бала мен педагогтың көркем құндылықты қабылдауда, өнімді іс-әрекетке деген шығармашылық қабілеттері, әлеуметтік, табиғи, заттық ортаға деген саналы қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеті жатады. Бұл жұмыстың табысты болуы көбіне-көп тәрбиеленушінің дара ерекшеліктерінің, қажетсінуі мен мүддесінің, жалпы даму деңгейінің қаншалықты мөлшерде ескерілетіндігімен анықталады.
Көркемдік тәрбие жөніндегі жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сай бейнелеу іс-әрекетін үйретудің әдістемесін және жалпы міндеттеріне сәйкес мазмұнын белгілеп, нақтылы қойылатын талаптарды анықтап алу қажет. Бұл көркемдік тәрбие құралдары мен әдістерін іріктеуде кездей-соқтыққа, жүйесіздікке, біржақтылыққа ұшырамауға мүмкіндік береді. Тәрбиешілерге бейнелеу өнеріне байланысты жұмыстарды жоспарлауға, материалды белгілі бір ізге түсіруге, онын түпкі мақсатына жетіп, нәтижесін көруге көмектеседі.
Балабақшадағы көркемдік тәрбие жөніндегі жұмыстар тәрбиелеу мен білім беру ісінің барлық жақтарымен тығыз байланысты, ұйымдастыру түрлері сан алуан және оның нәтижелері де іс- әрекеттің әр алуан түрінде көрініс табады. Бұл жұмыста төмендегідей мәселелер қарастырылады :
- тұрмыста, еңбекте, ойын барысында қоғамдық және табиғи құбылыстармен, заттармен таныстыру арқылы қоршаған болмысқа деген эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу;
- өнер құралдары арқылы көркемдік тәрбие беру; (көркемдік талғамды қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем өнер туындылары жайында қарапайым түсінік беру және әсер алу, сезінуге баулу, бейнелеу іс-әрекетіне сәйкес іскерлік- дағдыларды меңгерту, музыка, әдебиет арқылы, т.б.)
- өнер және өмірдегі әсемдікті, сұлулықты қабылдау, және оны түсінуге, сезінуге, қарапайым эстетикалық әсерлердің, көру мен есту түйсіктерін жинақтаудың ұзақ жолынан өткізу;
- эмоциялық және танымдық процестерді белгілі бір шамада дамыту;
Өмір құбылыстарын көркемдік тұрғысынан қабылдау әркашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық, дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзінде сәбидің бастан кешірген қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор.
Көркемдік тәрбие әдістері де алуан түрлі. Олар көп жағдайда: көркем ақпараттың көлемі мен сапасына, ұйымдастыру мен іс-әрекет түрлеріие, баланың жас ерекшелігіне бағынышты. Бұл жерде педагогтың даярлық деңгейі, шеберлігі мен қабілеттілігінің атқаратын рөлі аз емес.
Көркемдік тәрбие жайындағы ұғымдарды бала әлеуметтік ортадан, заттық дүниеден, табиғи құбылыстардан, көркем шығармалардан алады. Сондықтан да суреттердің, ертегінің мазмұнын, әуеннің сазын тұтастай қабылдау өте маңызды. Бұдан әрі педагог балаға дыбыстарды беріле тыңдауға, заттық бояуы мен пішініне зер сала қарауға көмектесу үшін оның назарын бөлшектерді қабылдауға, мақсатты бақылауға аударады.
Мысалы: ересек адам балаға теледидардан хабарды көруге, жеке кейіпкерлерге, олардың мінез-құлықтарына, әдеттеріне ерекше назар аударуды ұсынады.
Тәрбиеші балалардың көркемдік әсерді қалай қабылдайтындығына қарай өнер туындысымен, музыкалық әуен сазын, әнді, ертегіні тыңдай, суреттерді көре отырып, тікелей әңгімелеп, түсіндіріп, сұрақтар қою арқылы көркемдік тәрбиенің әдістері мен тәсілдерін көрнекі және ауызша деп бөлуіне болады. Оларға белгілі бір талаптар қойылады. Әдеби және музыкалық шығарманы орындау көркем мәнді, эмоциялы болуы тиіс, әйтпесе өнермен танысу кезігу әсерсіз болады. Сөйлесу барысында балалар суреттің, өлеңнің, әннің мазмұнын немесе тапсырманың мәнін ғана түсінбей, кейіпкерлердің көңіл күйлеріне сәйкес жайды бастарынан кешіру үшін де жарқын образдылыққа жетулері қажет.
Әдістер іс-әрекеттің ұйымдастырылу формасына байланысты өзгеріп отырады. Көркем өнер сабақтарында педагог дәл нұсқаулар береді, балаларға орындау тәсілдерін өздері табуын ұсынады, т.б. Мысалы: 1. Көркем жапсыру сабақтарында балалардың жеке бөлшектерден зат құрастыруға немесе тұтас материалдан (саз балшық, ермексаз) жеке бөлшектерді мүсіндей білуге мүмкіндік беретін әдіс- тәсілдер қолданылады. Демек, үйрету жеткілікті түрде тікелей өтеді. Баланың дербес іс-әрекет етуінде үлкендердің жетекілікті жанама ықпалымен шектеледі, ол тек іс-әрекетке итермелеп, еске түсіреді немесе қателерді түзетеді. 2. Өлең мен әндерді жаттап үйренуде де оларды үлкендердің алдында орындауын, шығарманың мазмұны мен күйін білдіретін көркемдік қасиеттері туралы әңгімелесуді, көрнекі құралдарды пайдалануды, балалардың мәтінді бірнеше рет қайталауын т.б. талап етеді.
Көркемдік тәрбие әдістерінің мәні балалардың жас ерекшелігіне де тәуелді. Сәбилерді әсемдік әлеміне тарта отырып, тәрбиеші оның назарын жапырақтардың күзде қандай болатындығына, бөлмеде реттілік, тазалық болудың қандай тамаша екендігіне аударады. Ересек топ балаларына үлкендердің көмегімен қоршаған дүниені белсенді "жасампаздықпен", бірақ олардың шама- шарқы жететіндей етіп өзгерту міндеті қойылады. Олар бақылап және бағалап қана қоймай, ойын бұрышын, дербес көркем өнер бұрышын безендіруге қатысып, гербарий және басқаларды жасай білулері тиіс. Сөйтіп, бақылағьштықты, дербес әрекет етуді, өз іс-ерекеттерін жоспарлауды және ойын жүзеге асыруды қалыптастыру әдістері тәжірибеде қолданылады.
Балалардың жас ерекшеліктеріне, даярлық деңгейіне, жеке ынтасы мен талаптарының артуына қарай әдістер күрделеніп отырады. Педагогикалық ғылым мен тәжірибе балалардың эстетикалық сезімдерінің қарым-қатынастарының, ой қорытындылауының, бағалауының тәжірибелік іс- әрекеттерінің қалыптасуына көмектесетін неғүрлым тиімді әдістерін анықтайды:
- эстетикалық қабылдауын, бағалауын, талғамының бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдісі;
- қоршаған ортаны көркемдеуге және мінез- құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыруға арналған іскерлік дағдыларға жаттықтыру әдісі;
- шығармашылық және тәжірибелік іс- әрекеттерге итермелейтін проблемалық ситуациялар әдісі;
- әсемдікке ұмтылып, эмоциялық - жағымды ықылас тудыратын және қоршаған дүниедегі келеңсіздікке қарсы сезімін оятү әдісі.
Көркемдік тәрбие беруде қолданылатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайлалану керек. Мерекелік ертеңгілікке, өнер м
Үйрету, жаттықтыру әдісінің мәні - баланы тыңдай, көре, бағалай білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекет етуге бағыттау. Жүйелі түрде көркем іс- әрекетке жаттығу, шамасы келгеншс таяу маңды өзгертуге араласу балалардың белсенділігін тереңдетеді. Бұл әдіс көп қайталауды талап етеді. Ол түрлі жағдайларда қолданылады. Жағдайды өзгерту балаға меңгерген дағдыны пайдалануға, одан әрі жетіле түсуге көмектеседі. Өзгермелі жағдайларды көп жаттығу тиісті нәтижеге ойдағыдай жетуге мүмкіндік береді. Мысалы: тәрбиеші балаларды сурет салуда штрихтеуге үйреткенде бірде сурет контурынан тыс кетпеуді ұсынса, енді бірде "шөп үлпілдек", өсімдік сабақтары "үшкір" болып шығатындай етіп сызуды ұсынады.
Сонымен қатар, сызба ойын жаттығулар жүргізудің маңызы зор. Мәселен: "Әдемі сызықтар", "Затты бейнеле", "Суретті аяқта", "Ою-өрнекті сызамыз", "Менімен бірге сыз", "Сызықтарды қайтала", т.б. Балалар әрбір тақырыпқа сәйкес сурет салғанда заттық, мазмұнды және сәндік сурет екенін сезіну үшін алдын ала ойын жаттығу жүргізіледі. Мұнда бейнеленетін заттың тиімді пішіні, көлеміне сәйкес қол қимыл қозғалысын икемге келтіру, кеңістікті бағдарлау, бейнені көз алдына елестету мақсатында сызба ойын жаттығуларын жүргізудің тиімді екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Бала қылқаламды қолына ұстай отырып ауада, қағаз бетіне бояусыз сызып затты ойша қиялмен бейнелеугс жаттығады. Содан кейін барып қарындашпен, бояумен сурет салуға кіріседі.
Сендіру және үйрету әдістерінің бір-бірінен оқшауланбайтынын білу маңызды. Жақсы қылықтардың мәніне баланы сендіре отырып, тәрбиеші балаларды әдеттендіргендей бұған бірнеше рет қайта оралады. Игерілген дағдыларды тәжірибелік іс-әрекеттермен бекіту баланың мінез- құлқындағы сөз бен іс арасындағы алшақтықты жоюга мүмкіндік береді: ол маңындағылар жайлы жақсы лебіз білдіргенімен оған қарама- қарсы әрекет жасауы мүмкін.
Баланың өсемдікпен тікелей қарым-қатынаста болуы қаншалықты маңызды болғанымен, оның өзі жеткіліксіз. Эстетикалық толғанулар әрдайым этикалық көріністермен байланысты. Эстетикалық және этикалық бірлік жас ұрпақты адам ретінде қалыптастырудың ерекше маңызды белгісі болып табылады. Әсемдікті өнердегі, қоғамдағы, тұрмыстағы, табиғаттағы тікелей әсерімен ғана сендірмеу керек, оны бала санасың тәжірибелік іс-әрекеттерге тарта отырып, сөзбен де белсенді әсер ету арқылы жеткізу қажет.
Балабақшадағы көркемдік тәрбие мәселесі Ресей педагогика ғылымдары академиясының мектепке дейінгі тәрбие ғылыми зерттеу институттарында бейнелеу өнері бойынша (Н.П.Сакулина, Т.С.Комарова, Т.Г.Казакова, В.Б.Косминская, Б.ГКовальская, И.Л.Гусарова, Е.А.Флерина, З.А.Богатееза, Т.Н.Доронова, Г.Н.Пантелеев, Н.Б.Халезова, Л.В.Пантелеева, С.Г.Якобсон т.б.), музыкалық іс-әрекеттерге (Н.Ветлугина, И.Дзержинская, Р Зинич, С.ІШоломович т.б.) арнайы зерттеулер жүргізіп, эстетикалық тәрбиенің кейбір жекелеген жақтары арасындағы байланыстар теориялық тұрғыдан негізделді. Аталмыш зерттеулер нәтижесінде дайындалған оқу- әдістемелік құралдар орыс тілінен 1962, 1977, 1902 жылдары қазақ тіліне аударылып Республика деңгейінде тәжірибеде қолданылды. Ал, қазақ балабақшаларына арналған оқу-әдістемелік құралдар бейнелеу өнерінен жарық көрмеді. Осыған орай, қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының мектепке дейінгі тәрбие лабораториясында көркемдік тәрбие мәселесі арнайы зерттеу нысанасына алынып, нәтижесінде бағдарлама және оқу- әдістемелік кешені дайындалуда.
Балабақшада көркемдік тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда баланың өзі өмір сүретін ортаны бақылату арқылы, көргендерін есте сақтауға, қабылдауға, арнайы қабілеттілігін дамытуға көңіл бөліп, бейнелеу іс-әрекеті дағдыларын меңгерудің жолдары қарастырылуда. Бейнелеу өнерінің түрлері жайында жас ерекшелігіне сәйкес алғашқы түсініктер беріп, қылқалам шеберлерінің туындыларымен таныстыру арқылы көркем өнерге қызығушылыққа тәрбиелеуде "Балбөбек" бағдарламасының "Өнер көзі халықта"- бөлімі дайындалды. Бұл бөлімде балаларға көркемдік тәрбие беруде айнала қоршаған өмірдегі, болмыстағы, табиғаттағы, көркем өнердегі әсемдікті қабылдау, оған қызығушылық сезімдерін тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейтіп, көркемдік таным, түсінігін, сұлулыққа деген сүйіспеншілігін арттыру, көркемдік талғамын қалыптастыру мақсаты қойылады.
Бағдарлама мазмұнына сәйкес жыл бойына жүргізілетін педагогикалық үрдіс барысында тәрбиеші негізгі белгіленген уақытта бейнелеу өнерінен балалардың бұрын меңгерген білім- білік дағдыларын қайталап бекіте отырып жаңа материалды игерудің қызғылықты әр түрлі әдіс-тәсілдерін таңдап алып, сурет салу, мүсіндеу және қиып жапсыруға қажетті құрал- жабдықтарды пайдаланудың тиімді жолдарын қарастырады, бейнелеу іс-әрекетінің мақсат, міндеттерін айқындап алып, оны жүзеге асырудың бағыт- бағдарын белгілейді. Суретін салатын немесе мүсіндейтін затты немесе құбылысты бақылату, талдау, түр-түсі, көлемі, пішіні жайында мағлұмат беріп, оны зердеде сақтай білу дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Тәрбиеші бейнелеу сабақтарында ауызша баяндау, сұрак жауап, өткенді қайталау, бекіту жұмыстарынан кейін жаңа сабақты түсіндіру, үлгіні талдау, көрсету, бейнелеу іс-әрекетіне бейімделудің әр түрлі тәсілдерін тақырыпқа сәйкес таңдап, жалпылама ңұсқау беріп іс-әрекетке бағыттайды. Көркемөнер туындыларымен әңгімелеуді сабақтың мақсатына сәйкес кіріспе, негізгі бөлімде пайдалануға болады. Балалар іс- әрекетке кіріскеннен кейін басшылық жасап, жеке нұсқаулар беріп көмек көрсетіледі. Әр баланың бейнелеу іс-әрекетіне қабілеттілігін ескере отырып бағыт беріледі. Дайын болған жұмыстардың бірнешеуін алып тақтаға іліп, балалардың назарын аудара бастайды. Қалған балалардың да жұмыстарын аяқтау талап етіліп, еңбек нәтижесін балаламен бірлесіп талдау жасайды. Қорытынды ой- пікірілерді өзі айтып, сәтті шыққан жұмыстарды мадақтап үлгі етеді. Кейбір сәтсіздіктер мен жұмысқа ұқыпсыздықты болашақта қайтала-майтындай етіп ұсыныс жасай отырып ескертеді. Іс- әрекет барысында балалардың шаршағандығы байқалса бой сергіту сәтін өткізіп алып қайтадан жұмыстарын жалғастырады. Сабақтың негізгі бөлімінде балаға берілетін жүктеме толық берілгеннен кейін, еңбек нәтижесіне қол жеткеннен соң қосымша берілетін жүктемелер жүзеге асырылады. Содан кейін 5-10 минут үзілістен соң немесе тақырыптың мазмұн үндестігін сақтай отырып сабақты ойын әдіс- тәсілдерімен жалғастырады.
Балаларды бейнелеу іс- әрекетіне бейімдеу жұмыстары әрбір аптаның бейсенбі күндеріне жоспарланады. Бұл күні бейнелеу іс-әрекетіне баса назар аударылып, әрекет түрлері бірде кезектесіп, бірде қосарланып балаға берілетін түсініктер мен іскерлік- дағдыларды қалыптастыру, жаңа ұғымдарды меңгеру, нақты көрсету, түсіндіру арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: ересектер тобында сабақ 9.00- 10.00 ға дейін кешенді түрде өткізіліп, қалған уақытта серуенге шыққанға дейін шағын топпен немесе жеке балалармен жүргізілетін жұмыстармен жалғастырылады. Бос уақытта балалар сабақта меңгере алмай қалған білім- білік дағдыларын жетілдіріп немесе қайталауды қажет ететін педагогикалық мәселелерді қарастырады (10 – 10.30- ға дейін). Балалардың ой- қиялын дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға, көрнекілік іс-әрекетке қызығушылық сезімін оятуға бағыт- бағдар жасауына толық мүмкіндік жасау қажет. Уакытты
тиімді пайдалану тәрбиешінің ізденісіне, шығармашылығына, педагогикалық шеберлігіне байланысты болмақ.
Бейнелеу іс-әрекетін тәрбиелеу мен білім беру үрдісінің басқа салаларымен кіріктіріп сабақтас жүргізу ұсынылады. Жұмысты жоспарлауда алдымен бағдарламадағы жалпы тақырып таңдалады. Мысалы, "Отбасы", "Балабақша", "Ойыншықтар", "Жыл мезгілдері", "Қазақстан Республикам менің", "Жануарлар дүниесі". Бұдан кейін іс- әрекет түрлері белгіленіп (мысалы: сурет салу, мүсіндеу, жапсыру), бағдарламаны іске асыруға қажетті тақырыптар бөлімінен сол күні өткізілетін бейнелеу сабақтарының негізгі тақырыптары нақты көрсетіледі (бұл әрбір жас тобының әдістемесінде берілген). Қосымша немесе басқа тәрбие жұмыста-рына кіріктіріп өткізілетін тақырыптарды да жоспарлауга болады немесе ол тәрбиешінің қалауы бойынша тақырып мазмұны мен сабақтың мақсатына сәйкес таңдалады. Бағдарлама бойынша көркемдік іс-әрекетті ұйымдастыруда тәрбиешілерге қойылатын талаптар:
- тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін нақты айқындап алу;
- мақсатына жетудегі қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді алдын- ала анықтау;
- әрбір (пәндік) жеке әдістемелік нұсқаулармен жүйелі танысып отыру;
- іс- әрекеттің бір- бірімен үндесіп, мазмұн сабақтастығының болуын қадағалау;
- балалардың дербес, еркін, шығармашылықпен әрекет етуіне толық жағдай жасау;
- әрбір тәрбие ісінің баланың жағымды мінез - құлқын, адамдық қасиеттерін қалаптастыратындай ықпалды болуын кадағалау;
- тақырыпқа сәйкес мазмұнды ашып, жаңа білім дағдыларын меңгерту;
- апта бойында жалпы тақырып сақталып келіп, негізгі тірек ретінде тәрбие жұмысының бір түрін басшылыққа алып, басқалармен сабақтастыра жүргізу;
- жаңа материалдар негізгі аса көңіл бөлінетін тәрбие саласына байланысты беріліп, басқа тәрбие жұмыстарын бекіту, толықтыру, қайталау, еске түсіру мақсатында қолдану;
- әр түрлі іс- әрекеттер барысында тәрбиешінің басшылығы баланың ойлауына, қабілетіне, дербестігіне, шығармашылықпен әрекет етуіне толық мүмкіндік жасау;
- апта бойындағы тәрбие жұмысының нәтижесі жинақталып, халық педагогикасы негізінде әрбір жұма күндері түрлі жолдармен қорытындыланып отыруы қажет.
- тәрбис жұмысының мазмұны күнделікті іс- әрекет барысында серуенде, күннің екінші жартысындағы жұмыстарда және кешкі жұмыстарда жалғастырылып, тиянақталады (шағып топпен, дарынды балалармен жұмыс ескеріледі).
Аталған талаптарды ескере келіп, тәрбиеші болашақ қоғам азаматтарын тәрбиелеуде өзіндік ізденіспен, ынта- ықыласпен балаға деген сүійспеншілік сезімін жоғалтпай жүйелі түрде жұмыс жүргізсе өз- өзіне сенімді, өмірге қабілетті, өзіндік көзқарасы бар ұрпақ тәрбиеленеді деп сенеміз. [8]
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан – дүниесін дамыту.
«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй », - деп данышпан ақын Абай атамыз айтқандай, жақсы ән-күй өзінің сиқырлы әуені арқылы адамның жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейді, жақсы қасиеттерін дамытады. Ал, В.А.Сухомлинскийдің: «Музыкалық тәрбие - бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу» - деп тегін айтпаған. Эпос, дастан, ертегі, мақал-мәтелдер, тарихи аңыз әңгімелер түрінде біздің заманымызға дейін жеткен халық шығармалары күні бүгін де сазды- эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы болып саналады.
Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл- ойымен қиялын тәрбиелеу мүмкін емес. Балабақшалардағы саз жетекшілері, сазды- эстетикалық тәрбие беруді мектеп жасына дейінгі мемлекеттік стандартқа сай, «Балбөбек» бағдарламасына сүйене отырып, жоспарлап қызықты да, көңілді етіп өткізуге тырысады.
Заман ағымына байланысты түрлі жаңалықтарды тәжірибемізге енгізе отырып, ән-күй сабағымен қатар, тақырыптық сауык кештерін, ертеңгілік сәттерді жиі ұйымдастыру арқылы, ондай бағдарламалардың бала көңілінен шығып отыратынын байқадық. Әр сабақтың үлгі жоспарымен таныстыру, қайталау, бекіту, жаңа ән, би үйретумен жүзеге асады.
Балаларға арналған саз - қуанышты сезімдер әлемі.
Баланың музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, тану, ажырату, әнді жеке айту, қосылып айту, әннің сөзін анық, дұрыс айту, әні мен сөзі арасындағы бірлестігін, ән мен дене қимылының үйлесімділігін бере білу, әнге деген сүйіспеншілігін, әсерлену, қызығушылығын қалыптастыру, дамыту - саз жетекшісінің шеберлігіне, іскерлігіне, білімділігіне байланысты.
Саздық қозғалыс сабағында білімді, тәжірибелі педагог, балаларды еркін қозғалысқа, биге үйретеді. Сол арқылы балалардың шығармашылық көріністерін қалыптастырады.
Саздық тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттерін баланың жас ерекшелігін, шама- шарқын ескеріп, жеңіл саздық репертуарлардан бастап, біртіндеп күрделендіре отырып жүзеге асырылады.
Ән айта білу- бұл үлкен мәдениет. Біз балаларға ән айтудың өзіндік сырын, техникасын,тыныс алу кезеңдерін, дауысты жоғары көтеру сәттерін, сезімдік ерекшеліктерін түрлі сазды- танымдық, сазды-дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыруға тырысамыз.
Саз жетекшілері ән- күй сабағындағы ауысып отыратын іс-әрекетті тиімді қолдана отырып жұмыс жүргізеді.
Ән- күй сабақтарында, саз жетекшілер түрлі сазгерлердің өмірімен және шығармаларымен үнемі таныстырып отырады. Белгілі адамдарға арналған әдеби- музыкалық кештер, мерекелерге арналған ертеңгіліктер, түрлі ойын- сауықтар, өткізіледі. Мысалы: «Абай мен Пушкин», «Күй сүйемін!», «Әнші балапан», «Айтыс», «Қыз маржаны, жігіт сұлтаны» т.б. Саз сабақтарында өткізілетін барлық іс-әрекеттердің нәтижесі - мерекелік ертеңгіліктерден көрініс алады.
Адамзат өмірінде, әсіресе бүлдіршіндер үшін түрлі мейрамдар мен тойлардың ерекше әсем, қуанышты, жадында керемет естеліктер қалдыратыны мәлім. Барлық балалар бұл мерекелік шараларға белсене қатысып, мейірімділікке, кейіпкерлердің әрекетін дербес бағалау шеберлігіне үйренеді. Сондықтан мерекелік шараларды балабақша қабырғасында неғұрлым әсерлі, тек қызықтыру ғана емес, бүлдіршіндерге ұлағат боларлықтай етіп өткізудің мәні зор.
Саз жетекшісі жұмысының тағы бір негізгі шарты - балалардың жылдан-жылға саздық деңгейінің дамуы және сазға деген көзқарасының қалыптасуын анықтау. Сазға икемділік диагностикасы- саз жетекшісінің ең маңызды және жемісті жұмыстарының бір бөлігі. Жеке диагностикалық сабақтар әр баланың саздық даму деңгейін, ал сазға икемділік диагностикасы –жеке баланың және бүкіл топтың саздық шығармашылығын анықтайды. Баланың диагностикалық негізін саз жетекшісі оның жас мөлшеріне байланысты сараптайды.
Мектепке дейінгі ұйымдағы саз жетекшісінің негізгі мақсатының бірі - бұл баланың сазға деген қызығушылығын ояту. Бұл, қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Қызығуды ояту іс- әрекетке жағымды эмоциялық талпыныс тудыру, сазды тану, саздық ойлау, сазды есте сақтау қабілеттерін дамыту. Саздық қабілет шығармашылық кезінде қалыптасып дамиды. Мектепке дейінгі ұйымдағы саздық шығармашылықтың әр түрі саз жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады.
Кәсіпқой талантты саз жетекшісінің ең қиын сабақтарының өзі жеңіл әрі қызықты өтуі тиіс. Дәстүрлі жұмыстармен қатар, сабақтарды және түрлі іс-әрекеттерді дәстүрден тыс етіп ұйымдастыруға болады. Мәселен: саз сабағының өзін түрлі басқа сабақтармен, іс-әрекеттерін байланыстыра отырып өткізу және балалардың бойында саздық кейіпкерлендіру шығармашылығын арттыру көптеген жұмыстануды талап етеді.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін бағдарламаға сай еңбектенуде, қазақтың халық өнерін және жаңа заман бағытындағы өнер негіздерін ұстана отырып, шығармашылықты дамытуды дәстүрге айналдыру қажет.
Балабақшадағы саз жетекшісі қандай болса, балалардың жалпы шығармашылық даму қарқыны, деңгейі де соған сәйкес болады. [9. 15]
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуы стратегиясында көрсетілгендей, жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруді жетілдіру педагогика ғылымында негізгі міндеттердің бірінен саналады. Ендеше, экологиялық тәрбие жұмысын мектеп жасына дейінгі балалардан бастап жүргізу - бүгінгі күннің өмірлік талабынан, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие жұмысын жүргізуде мынандай екі ұстанымдар басшылыққа алу ұсынылады:
а. балаларға табиғат туралы қарапайым мағлұмат беріп, оның әдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту;
ә. балалардың табиғат туралы білімдерін тереңдетіп, оның әдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту.
Бұдан балалардың ізгілікті – адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда экологиялық тәрбие берудің құқықтық үлгісіне сәйкес, экологиялық тәрбие жұмысын адамгершілік, эстетикалық және халықтық педагогиканың тағылымы мол мұраларын пайдалану арқылы жүргізу қажеттілігі байқалады. Адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаттарының бірі де балаларды туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, оны қадірлеп – қастерлеуге тәрбиелеу болып табылады. Ал ол – ұлттық тіл көркемөнер туындылары арқылы жүзеге асады. Табиғаттың бағалы саналатын аң – құстарды жақсылықтың жаршысы деп бағалаған дана халқымыз оларға тамаша туындылар да арнай білген. Бұған ақын Сырбай Мәуленовтің мына жолдары мысал бола алады.
Баланың бойындағы әдемілікке, әсемдікке іңкәрлігін (инстинкт) оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу қасиетін арттыруда экология тақырыбы таптырмайтын құрал. Айдаладағы орман, өзен – көл, тау – тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған дауысы – осылардың бәрі балалардың ой – қиялын, әдемілікті көре білу қасиетін дамытады, талғамын қалыптастырады. Мәселен, ежелгі грек аңыздарында айтылғандай, Марстың жорыққа киетін дулығасына кептер ұя салғандықтан, ол соғысқа аттануды кейінге қалдырған көрінеді. Ықылым заманнан бері әдемі де сүйкімді құс – кептердің бейбітшілік жаршысы саналуы, әдемілік символы – аққу, ұлар, ақ қарлығаш – бақыттың бастамасы, игіліктің иесі ретінде бағалануы баланың жан дүниесін байытады. Бұл тақырыпқа қалам тартпаған ақын – жазушы, ғалым кемде – кем. Мысалы, табиғаттың сұлу көрінісін ақын Ж.Жұмабаев:
Табиғат - әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан – жануар танытып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар танысын, -
деп жырласа, көрнекті педагог В.А. Сухомлинский: « Табиғат әдемілігі бала жанының тазалығын тәрбиелеу мен жан дүниесін дамытуда үлкен орын алады,» - деген болатын. Осы сынды оқыту мазмұнындағы шығармаларды экологиялық тәрбиеге тірек ету – педагогтың басты міндеті.
Халықтық тәрбие хатқа түскен ереже күйінде емес, тәжірибелік негізінде жұрттың этникалық мінезінде қалыптасады. Болашақ ұрпақты табиғат сырын ұғып – түсініп, онымен жақын қарым – қатынаста болуға тәрбиелеуге ерекше мән берген ата – бабаларымыз өмірдің өзінен қалыптасқан кейбір салт – дәстүрлерді елеп – екшеп, жақсысын санада сақтап, жаманынан жирендіріп отырған. Мәселен, күнделікті тұрмыс – тіршілікте «обал – сауап», «ынсап – қанағат» қағидаларын берік ұстаған олар табиғаттың ешқандай жанды – жансыз туындыларына қиянат жасамаған. Табиғатпен үйлесімді қарым – қатынас жасаудағы дәстүрдің озық үлгілерін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Халық даналығынан туған «Орман – жер сәулеті, ел дәулеті», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Күте білсең, жер жомарт», т. б. аталы сөздер бала құлағына жастайынан сіңіп, ұлттық рухын қалыптастырады.
Белгілі ақын Мұзафар Әлімбаевтың:
Танымай өтеміз бе киелі не?
Қырсығы білместіктің тиерін де ...
Ұрпағың дал болар ма, ағаш таппай
Кәдімгі домбыраның тиегіне, -
деген көңіл тебіренісі табиғатты дер кезінде бағалай білуге үндейді. Табиғат жайындағы ақындардың жан айқайы, өнегелі өсиеттері – баланың экологиялық мәдениеті мен жан дүниесін дамытуға баға жетпес дүниелер. [10. 117]
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары.
Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара тығыз байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсаты да етеледі.
Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-күтіп жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді, сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді.
К. Д. Ушинский «баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.
5-6 жастағы балалар табиғат және ондағы көптеген заттар, құбылыстар жайлы мағлүматтардан хабардар болады. Жыл мезгілдеріне сәйкес /күз, қыс, көктем, жаз/ күзде жапырақтар сарғаятыны, құстардың жылы жаққа ұшатыны, тұманды, жаңбырлы күндердің көп болатыны т.б. бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды. «Күз» дегенде «жапырақтар сарғайып түседі» — деген ойдың пайда болуы оларды күнделікті өмірмен тығыз байланыстырады. Себебі, күзде баланың таза ауада жапырақтармен ойнайтын кезі аз емес.
Бес жастағы бала жылдың төрт мезгілін бір-бірінен ерекшеленетінін толық айтып бере алмайды. Бірақ, күзден кейін қыс, көктемнен кейін жаз келетінін біледі. Сонымен қатар бала күнделікті көріп жүрген қой-ешкі, сиыр мен жылқы сияқты үй жануарларын, хайуанаттар әлемінен көрген ит, қасқыр, түлкі, сияқты аңдар мен құстарды таниды. Олар жайлы өзіндік ой- түйсіктері болады. Мысалы: кірпі қыста ұйықтайды, жазда орманда жүреді, оның үстіндегі тікеніне қандай зат түсетін болса /жапырақтар, жидектер т.б./ сонымен қоректенеді- деген сияқты. Бес жастағы бала табиғаттағы шындық пен ертегідегі жағдайларды бір-бірімен шатастырады да, оларда мынадай ойлар тууы мүмкін. Мысалы, «аю бармағын жалайды», «аю жылыну үшін ағаштың діңіне тығылады». Шындығында аюдың, кірпі, борсық т.б. жануарлардың қыста ұйықтауының өзіндік биологиялық мәні бар. Балаларда табиғаттағы заттарды бір-бірімен салыстыру, олардың бір-бірінен қандай айырмашалығы бар, осы жайлы өзіндік ойлар туа бастайды.
Бес - алты жасар балаларда табиғаттағы заттардың, жануарлардың, өсімдіктердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары арқылы ерекшеленетінін ғалымдарымыздың мынадай тұжырымдары анықтай түседі. Мысалы, "жануарлардың пішіні, түр-түсі, сыртқы жамылғысы т.б, арқылы салыстырады. Бұл жастағы бала мысық пен кірпіні былай салыстырады: кірпінің терісі инелер, мысықта тері, ал тері кірпінің бауырында ғана болады, мысықта мүлде инелер болмайды және т.б. Бала осы сөздермен мысық пен кірпінің ерекшелігін толық сипаттадым деп ойлайды, ал шын мәніндегі ой-түсік кейін келе қалыптасып, жетіле береді. Осыған сәйкес , «Өсімдіктер әлемі» тақырыбын өткенде, балаларды балабақша ауласындағы ағаштармен, гүлдермен, шөптермен таныстырып, олардың жылдың әр мезгіліне сай өзгеріп отыратындығын түсіндіріп өткен жөн.
Мысалы, 5-6 жастағы балаға қыста ағаштардың жапырақтары түсіп, қураған сияқты болып көрінеді, бірақ ол ағашта қыста да тіршілік үзілмейтінін айтып түсіндіру керек. Ерте көктемде ағаштың 2-3 бұтағын кесіп, топта суға салып қою арқылы одан бүршік өсіп шығатынын, демек қыста да өсу процесі тоқталмайтынына балалардың көздерін жеткізуге болады.
Бала өсімдікке қамкорлыққа, жануарларды күтуге, табиғи ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиешінің күнделікті тікелей басшылығымен тәрбиеленеді, сондықтан тәрбиешінің күнделікті іс-қимылын бала бақылай отырып қайталайды /тәрбиешінің өсімдіктерге су құйып, жануарларды тамақтандыру т.б. /
Бұл орайда осы жастағы баланың «еңбекке» деген қабілеті басқа қасиеттерінен басым болатындығын әр тәрбиеші есінде ұстағаны жөн. Сондықтан, оларға жұмыс /тапсырма/ бергенде аяғына дейін тиянақты орындалуын қадағалап, мақсатын дұрыс ұғындыруы қажет. Осындай жағдайлардан кейін бала шын көңілімен, ынтамен орындауға кіріседі. Мысалы, өсімдікті суаруда, оған су өте қажет, өйткені ол сусыз өмір сүре алмайды және әр мезгілде суды әрқалай қабылдайды, жазда суды көп қажет етеді, себебі: күн ыстық, қыста керісінше және өсімдіктің жаңадан шығып келе жатқан жапырақтарына зияны болмауы үшін қуарған жапырақтарын алып тастауы керек т.б. ақиқатты баланың есіне салып өту артық емес.
Педагогикалық процесті ұйымдастырудың мазмұны мен принципі балабақшадағы тәрбие жұмысының бағдарламасында балаларды жылдың төрт мезгілімен жеке-жеке таныстыру керектігі көрсетілген. Себебі әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, қайталанбас құбылыстар олардың ой-пікірін ұштап, жетілдіріп, сыры мен мәнісін сезінуге жетелеуі қажет. Табиғаттың мезгіл бойынша өзгеретін сан алуан құбылыстарын білгісі келген мақсатта балалардың тарапынан бірнеше сұрақтар қойылады. Мәселен, «неге құстар күз мезгілінде ұшып кетеді?», «Қар неге ериді?» «Мұз неден пайда болады?» т.б. Мұндай сұрақтар баланың логикалық ойлау қабілетінің, сөз қорының дамуына мүмкіндік береді.
Балабақшада тәрбиеленетін бала жыл мезгілдерін бір-бірінен толық ажыратып, әр мезгілдің өзіне тән құбылысын ерекше атап беру қабілетіне ие болуы тиіс. Жылдың әр мезгіліне тән құбылыстар кейде барлық маусымда болуы мүмкін, оны балаларға қалай түсіндіруге болады, соған тоқталсак, мысалы, жаңбыр көктемде де, жазда да, күзде де? жауады. Бірақ әр мезгілдің жаңбырының өзіндік ерекшелігі бар, жаздағы жаңбыр ірі, тез жауып өтеді, жылы; күздегі суық, ұзақ жауады; көктемдегі — найзағайлы, суық, ұзақ жауады, кейде соңынан кемпірқосақ көрінеді. Бағдарлама бойынша бес- алты жасар баланың табиғатқа дұрыс көзқарасын қалыптастыру педагогикалық іс-әрекетке байланысты, соның барысында іске асады.
Жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты табиғи ортаның өзгеруіне толық көз жеткізу үшін ғалымдарымыз мынадай әдіс-тәсіл қолданған.
Төрт мезгілде де балаларды бір табиғи ортаға /өзен жағасына / алып барған. Бұдан балалардың осы ортаның әр мезгілде қандай өзгерісте болатынына көздері жеткен. Тәжірибе бойынша балаларға әр мезгілді 3-ке бөліп / басы, ортасы, соңы/ түсіндіру немесе саяхатта мақсатты серуендер арқылы көз жеткізу оларға үлкен әсер қалдырады. Саяхатқа бармас бұрын тәрбиешінің жоспары болуы тиіс. Онда саяхаттың мақсаты, тәрбиелік мәні, қандай сұрақтар қойылуы тиіс, қандай әңгіме-жұмбақ айтуға болады, бұның алдындағы саяхаттан қандай ерекшелігі бар, осыларды мейлінше қамту қажет /бала жасының өсуіне байланысты тәрбие жұмысының мазмұны да күрделене беруі тиіс/. Табиғатқа серуен кезінде, түрлі дидактикалық қимылды ойындар ойнату, бірігіп пайдалы еңбек ету, қызықты әңгімелер айтып беру, балалардың әңгімесін тындай білу — осының бәрі тәрбиешінің жеке басының шеберлігіне байланысты. [11. 34]
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты — табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі жөне өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, елжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашка өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиын, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалык, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халыктық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата-аналар, мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. «Алтын күз», «Құстар күні», «Табиғатты сүйеміз», т.б. ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтің ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:
А. балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлықка алуға баулу.
Ә. балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру. Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой- өрісін кеңейтіп, осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбиенің ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз:
Бұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму денгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипат алады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептәуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады, осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы, білуге құлшынысы, байқап- көре білуі, логикалық ойлауы, табиғатқа эстетикалык тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.
Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп, оның ішінде күнбағысқа т.б. өсімдіктерге тоқтала, оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар - топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар жұмыртқалайды, балапан басып шығарады, оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі. Балалардың жабайы хайуандар /қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі/ олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі.
Балалардың өлі табиғаттағы, өсімдіктердің құстар мен аңдардың тіршілігіндегі күзгі өзгерістері туралы нақты түсініктерін кеңейту, балаларға бұрыннан таныс кейбір құбылыстар мен ауа райының жағдайы және өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі арасындағы байланыстың реттілігін анықтап «күз» ұғымының мәнісін айқындап, қорытындылауға бағыттау. Балалардың жансыз табиғаттағы, құстардың хайуандардың өмірінде бірте-бірте болатын өзгерістер: жапырақтардың түсуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі жайындағы ұғымдарын бекіту. Күзде балабақша егістігіндегі көкөніс жинау, қазып алу, ауланы тазарту /жапырақтарды жинап бір жерге үю) т.б. жұмыстарға көмектесіп, пайдалы еңбекке араластырылады, әңгімелесулерде күз туралы түсініктері нақтылана толықтырылып бекітіледі, диафилъмдер көрсетіледі.
Балалардың қысқы ауа-райының сипатты белгілері ағаштардың, ормандағы құстар мен аңдардың тіршілігі туралы білімдерін кенейту және қорытындылау мақсаты көзделеді. Еңбек дағдыларын қалыптастыру, жанды нәрселерге ұқыптылықпен қарау сезімін тәрбиелеуді жалғастыра беру. Қар жауып тұрған кезде балаларға қара қоңыр қағаз қиындысын беріп, оған қар ұшқынын тосып алып, оны анықтап қарап, соңынан суретін салуды ұсыну, бала қиялын ұштау. Қыс туралы ұғымын толықтыра отырып, күнделікті байқау, кештің ерте түсуі, ай мен жұлдыздардың шығуы, ауа-райы құбылыстарына / қардың жаууы, аяз, боранның болуы/ назар аудару. Қыс қызығын тамашалап, жүздері суықтан бал-бұл жанған балалардың ақ қар, жылтыраған көк мұзда шана, шаңғымен сырғанап ойнап жатқан суреттері бейнеленген картиналар арқылы «Қыс қызығы», «Ортақ шана» атты қимылды ойындарын ойнату. Адамдардың еңбегімен көшені, жолды тазарту, қарды күреу /балалардың өз аулаларының қарын тазалауға жәрдемдесулері. Қыс туралы картиналар, бақылаулар бойынша әңгімелесу, қыс қызығын тамашалаумен қатар, қысқы табиғатты қорғай білуіне назар аудару.
Табиғаттың көктемгі құбылыстары, олардың себептері туралы, көктемдегі адамдардың еңбегі жайында балалардың білімдерін толықтыру қажет болады. Көктем ұғымын қалыптастыру. Өлі табиғаттағы өзгерістерді /күннің ұзаруын, сеңнің жүруін, өсімдіктер дүниесіндегі ағаштар мен бұталардың бүр жаруын, алғашкы жапырақтың шығуын, көктемгі гүлдердің гүлденуін байқау. Жәндіктердің іс- қимылдарын бақылату арқылы балалардың түйсіктерін толықтыру. Құстардың ұшып келуін, ұя салып, балапандарына жем беруін бақылай отырып, қарлығаштың ұясы туралы әңгімелеп беру, құстардың пайдасы, оларды қорғау, қамқорлыққа алу жөнінде әңгімелесу. Мысалы, тоқылдақты ағаштың арасынан құрттарды теріп жейтіндігінен «ағаш дерігері» аталғаны, ал қарлығаштың ұшуына қарап, олар шарқ ұрып ойнап, күн нұрына шомылып жүр дейміз, ал шын мәнінде үнемі «жұмыс істеп» құрттарды аулап жүретінін, сондай-ақ тоқылдақ, қарлығаштардың суреті салынған көрнекі құралдарды пайдалана отырып әңгімелеу. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты мультфильмді пайдалану. Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешекке тоқталу, тақпақ жаттату, бейнелеу жұмысы бойынша суретін салғызу.
Егіс даласындағы көктемгі жұмыс, гүлзарлардағы балалар еңбегіне тоқталу. Табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы дидактикалық ойындар ойнату.
Жаз мезгіліндегі күннің жарығы мен жылудың әсерінен өсімдіктердің өсіп жетілуі жөніндегі бала ұғымы кеңейіп, жинақталады, жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар мен шөптесін өсімдіктерді айыра білуге үйрету ескеріледі. Адамдардың гүлзарлардағы, егістіктердегі еңбегімен таныстырады, табиғатқа құмарлық, сүйіспеншілік, ұқыпты қарау сезімін тәрбиелейді. Балалар арам шөптерді отап, гүлдердің тұқымын жинауды үйренуі тиіс. Тәрбиеші күнделікті серуен кезінде аспанға назар аударады (бұлтты, бұлтсыз сөздерінің мағынасын түсіндіру). Жаңбырдың жаууы кезінде тәрбиеші балаларға оның бұлттан жауатындығын түсіндіреді.
Тәрбиеші балаларды әдемі гүлмен, жағымды иісімен қызықтыратын шөптесін өсімдіктермен таныстырады. Ойлау қабілетін дамыту үшін өсімдіктерді атағанда кейбір өсімдіктердің атауларына және олардың ерекшелігіне назар аударған дұрыс, мысалы: жолжелкен — жол бойында өседі, шырмауық — басқа шөптерге оралып, шырмалып өседі, т.б. Сондай-ақ табиғаттағы жаз құбылыстары, ерекшеліктері туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытып, толықтыру, өсімдіктерді күту, жануарларға қамқорлық жөніндегі адам еңбегіне тоқталу. Жаз күнінің ұзактығы, жаңбыр, найзағай, кемпірқосақ туралы түсініктерін нақтылау. Серуен, экскурсия кезінде жаздың әр кезеңінде гүлдейтін өсімдіктердің, жемістердің пісуін, құстардың көбеюін бақылау. Гүлдерді жинау, шоқгүлдер тобын жасау арқылы топ бөлмелерді безендіру. Табиғат бұрышында балалар бөлме ішінде өсімдіктерді суарып, гүлдердің түбін қопсытады, сондай-ақ аквариумды, құс торларын тазартады, өсімдіктер мен жануарларды дұрыс күту мен олардың жақсы жағдайда болуы арасындағы байланысты анықтауға үйретіледі. Табиғат мүйісінің эстетикалық көркемдігіне балалар назарын үнемі аударып отыру. Бұл топта тәрбиешінің картиналарды, диафильмдер мен көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әңгімелесулеріне көп орын беріледі және табиғат құбылыстары туралы өз елінің табиғатын қорғап, қамқор бола білу қасиеті бойына сініріледі.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысының және бір арнасы — адамгершілік тәрбиеге саяды.
Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенін табиғатына деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы — ұлттык тілі, мәдениеті, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбак, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз- әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән- жырға қосып, онын әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жетікізе білген.
Халқымыздың қандай ән- әуені болмасын мейірім- шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім- тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Оларга арнап мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделікті бала тәрбиесіне қолданған. Тәрбиенің осындай мол мұралары арқылы баланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытқан, айнала қоршаған дүниені танытып, еңбекке баулыған және де табиғат әсемдігімен қатар кең даладағы құстардың сан алуан дыбыстарымен, жабайы аңардың үй жануарларының үнімен таныстырып, танымдық қызығушылығын арттырған.
Эстетикалық тәрбие нысанасы- баланың бойындағы әдемілік, әсемдікке іңкәрлігін /инстинкт/ оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу, сүйіне білу қабілетін ұстарту, көзін ашқан бұлақтай талғам қиялын ұштау. Осы тұрғыдан алғанда табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы болып есептеледі. Айналадағы орта, орман, су, тау- тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған әсем даусы, жануарлар дүниесі олардың барлығы бала жанына әсер етіп назарларын қытықтап, табиғат әсемдігі туралы түйсігін тоғайтады. Тәрбиеші балаларды табиғат құбылыстарымен таныстырып қана қоймай, әдемілікті түсініп, сезе білуге, күн сәулесінің шуағын, жаңбырдың нұрын, ормандағы құстардың сайрағанын зерделеп түсінуге баулиды. Балалардың зейінін табиғат жанашырларының іс-қимылына аударып, олардың қимыл әрекеттерін бақылатады, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбектене білуге, табиғат байлығын оның әсемдігін жанашырлықпен қорғауға үйретеді.
Эстетикалық тәрбиенің мәнісі тек баланың әсемдік атаулыны көре білуге үйретуде ғана емес, сонымен бірге әрекет жасауға ынталандыру, әсемдік атаулыны жасауға белсенді түрде қатыстыруда екен. Балалардың зейінін табиғатта жұмыс істейтін адамның еңбегіне аударып, олардың әсем де епті қимылдарын біріге отырып бақылауы шарт, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбекті сүюге, еңбек адамын құрметтеуге, табиғат әдемілігін аялауға үйретеді. Сондай-ақ табиғат, жыл мезгілдерінің ауысуы, орман- тау, ауа- райының құбылмалылығы, адамның күнделікті еңбек әрекеті мұның бәрі бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды.
Тәрбиеші балаларға табиғаттағы әдемілікті сезініп, көре білуге баули отырып, табиғатты бақылатады. Бүкіл дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына зор үлес қосқан ұлы бабамыз Әл-Фараби өзінің педагогикалық мұрасында жас ұрпақтың эстетикалық ұғымын, сезімін қалыптастыруда үш нәрсені негізге алады:
1.Баланың ішкі ынта- ықыласы, құмарлығы, табиғи қабілеті.
2.Ұстаз- тәрбиешінің шеберлігі, ар тазалығы, шәкірт алдындағы адал жауапкершілігі.
3.Тәрбие үрдісінің алатын орны. Тәрбие жұмысында барлық уақытта асқақ мұрат, іскерлік, ұйымшылдық, құмарлык және әділетті бағалау қатар жүруі шарт делінген.
Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің басты нысанасы- баланы сәбилік шағынан қарапайым еңбек дағдыларына баулу, еңбек туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру. Балабақшадағы еңбек тәрбиелік- білімдік жұмыс жүйесін ұйымдастырудың амалы ретінде маңызды орын алады. Бау- бақшада, гүлзарларда және табиғат мүйісінде үнемі жұмыс жасау өсімдіктер мен жануарларға деген ынта- ықыласты арттырады, балалардың табиғаттағы заттарды сүюіне және оларға ұқыпты қарауына көмектеседі, еңбексүйгіштік пен басқа да адамгершілік саналарының қалыптасуына ықпал етеді. Істелген істің мәнін, оның мақсатын жете түсінуі үшін балалардың қандай да болмасын бір тәсілді меңгеріп қана қоймай, оның неліктен керек екендігін де түсінгендері өте маңызды. Сондықтан дәндерді себуді, көшеттерді отырғызуды, аквариумге суды үстеп құюды және басқа да еңбек түрлерін көрсете отырып, түсіндірулер арқылы толықтыру қажет болады. Балаларды еңбекке үйретуде қолданылатын әдіс түрлеріне үлкен адамдардың еңбегімен, тәрбиешінің өзінін еңбек үлгісімен танысу, балаларға әртүрлі еңбек түрлерін тапсыру және олардың орындалуын тексеру, тәрбиешінің кейде бүкіл топтың істеген жұмысына баға беруі жатады.
Еңбек тәрбиесі болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, ойлау қабілеті жан-жақты дамыған адам даярлау мақсатында бағытталады. Адамның адам болып қалыптасуының басты құралы- еңбек. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Балабақшадағы дұрыс ойластырылған еңбектің орны ерекше, мұндай еңбек тәрбиесі барысында бала дұрыс әрекет жасап айналадағы орта жайында алғашқы мағлұматтар алады, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді. Балабақшаның ересектер тобында тұрмыстық- шаруашылық еңбек пен табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларды күту, гүл, жеміс, көкөністерді өсіру, т.б. еңбек түрлері жатады. Мұндай еңбек түрлері балалардың білім- құмарлык, бақылағыштық, табиғатқа жаңашырлық, ұйымшылдық сиякты адамгершілік қасиеттерін жетілдіреді. Табиғат аясындағы еңбек тәрбиесі баланың айнала қоршаған орта туралы талғамын дамытып, әдемілікке әуестендіріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, ақыл-ойын, қиялын ұштап, ересектер еңбегін бағалауға үйретеді.
Еңбек тәрбиесін ұйымдастырудағы тәрбиешінің орынды пайдаланылған мақал-мәтелдері бала санасында еңбек туралы айшықты із қалдырып, айналадағы ортаға дұрыс қарым-қатынас қалыптастырады.
4. Халықтық тәлім-тәрбие арнасы халыктың ауыз әдебиетінен, салттарынан, әдет-ғұрыптарынан, ырымдарынан, балалар ойындары арқылы жұрнақталған білім, педагогикалық мағұлматтар мен тәрбие тәжірибесінен тамыр тартады. Халқымыздың табиғатты жанындай жақсы көріп сүйе білуі және оған деген аялы алақаны мен абзал қамқорлығы қанымызға да тұла бойымызға да ананың ақ сүті арқылы дарығанын мақтаныш сезіммен айта аламыз.
Халық даналығындағы «орман- жер сәулеті, ел дәулеті», «атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «гүлді үзбе», «көкті жұлма», «құмырсқаның илеуін бұзба», «көкмайсаны таптама», т.б. аталы сөздері бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшем қалыптасады. Осылайша табиғат жайындағы өнегелі өсиеттер, жырлар мен аңыздар қойнауындағы келелі ой-пікірлер экологиялық мәдениетімізді қалыптастыруда өте құнды арна саналады.
Халқымыздың дархан дарыны, Мағжан Жұмабаев Наурыз туралы өз ойын былай түйіндеген екен: «...қазақтың Наурызы- дін мейрамы емес, ол тұрмыспен, ғылыммен, байланыстырып, қағамға пайдалы игі іс жасайтындай етіп ұйымдастыру керек. Наурыз мерекесі табиғатта болатын ұлы маусымдық өзгеріспен, күн мен түннің көктемгі тең келуімен тікелей сәйкес келеді. Мұның өзі ерте дәуірлердің өзінде-ақ халықтың, табиғаттың саналуан құпия сырларын ұға білгендігін және сол арқылы дұрыс ғылыми тұжырымдар жасай білгендігін аңғартады. Наурыз ұғымы қазіргі кездегі жаратылыс тану ғылымында көбірек айтылатын табиғи тепе-теңдік /кейде оны экологиялық тепе-теңдік деп те атайды/ деген пікірлермен сабақтасып жатады».
Наурыз мейрамының тойлануындағы халыктық тағы бір түпкі мақсат- өзін қоршаған ортадан игілік атаулының көзін ашу. Оған көзі бітеліп қалған бұлақ, бастау қайнардың көзін ашып, тіршілікке нәр беру, айналаға сая боларлық ағаш отырғызу сияқты игілікті жұмыстарды ұйымдастыру жатады.
Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігінің және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа өнеге боларлық асыл мұра, даналық ұғымдар, мақал-мәтел тәрбиелік тағылымы мол аңыз-әңгімелер аз емес. Табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, ойлы пікірлер экологиялык тәрбие беруде және болашақ ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал.
Қазақ халқының тәлімдік макал-мәтелдері, бұрынғы бабалардың көрген-білген, кеңілге түйген, бастан кешкен оқиғалардан қорытқан, ғасырлар бойғы уақыт елегінен өткен ақыл-ойының жиынтығы.
Бала тәрбиесіндегі өзіндік орны бар ерекше жанрлардың бірі — жаңылтпаш. Ол баланың сөйлегенде кекештенбей, тұтықпай, дұрыс, еркін сөйлеуіне, ана тілін еркін игеруіне себін тигізеді, мазмұнында терең мән-мағына, үйлесімді ой жатады.
Халық тәрбиесінде баланың ой- өрісін дамытып, кеңейту, тілін ширатып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, зерделеу қабілетін жетілдіру үшін жұмбақтар қолданылып отырған. Онда өмірде кездесетін тіршілікке байланысты ұғымдар, табиғат құбылыстары, жер әлем өздеріне тән белгілері арқылы бейнеленеді. Айтылған нәрсенің сол сипат-белгісі бойынша шешуі табылады.
Ғасырлар бойы санасына сіңіп, сараланып жеткен дәстүрдің бірі ырымдар, тиым сөздер. Әрбір сөздің негізінде айналадағы ортаға, табиғатқа, адамгершілікке, көрегенділікке қажетті қасиеттерді уағыздап, жаман әдет, іс-әрекеттен бойды аулақ ұстауға тәрбиелейді.
Міне, күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған осындай ырымдар баланы ізгілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудегі тиімді құралдардың бірі болып саналады. Бәрі де табиғат- анадан арна тартады! [12. 52]
2.3. Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы:
Ақсу – Жабағлы қорығы
Мақсаты:
Балалардың туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оның әсемдігін терең сезінуге, әсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбелеу.
Сондай-ақ балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім берудің негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама түсініктерді қалыптастыру.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Әр түрлі жабайы жануарлар (қуыршақтар), шыршалар, құстар,гүлдер, атрибуттар, табиғи материалдар, пластелиндер, тақтайшалар, сүрткіштер, әр түрлі бояулар, ақ кағаздар, қылқаламдар, сахналауға Бүлдірген және Қоян бала.
Әдістемелік тәсілдер:
хабарлама, информациалық, көрсету, айтқызу, үйрету, сұрак-жауап, ойын пайдаланылады.
Сабақ балалардың:
Ән әуенімен топка кіріп, қонақтармен сәлемдесуінен басталады.
Тәрбиеші:
- Балалар, біздің еліміз қалай аталатынын білесіңдер ме? - Егеменді Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші:
- Кім Қазақстан туралы тақпақ айтады?
1-бала:
Қазақстан - жеңісті ала гүлдер,
Қазақстан жеңісті, тасқынды лала гүлдер.
Қазақстан әлемді елеңдетіп.
Байқоңырдан зулаған корабльдер.
2
-бала:
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгін біз осы өзіміздің Төлеби ауданындағы Ақсу Жабағлы қорығына саяхатқа барамыз. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
Тәрбиеші:
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай. Наурыз, сәуір, мамыр айлары.
Тәрбиеші:
- Көктем мезгілінде ауа-райы қандай?
- күн жылы, арықтарда су көбейеді, жаңбыр жиі жауады, шөптер, гүлдер шығады, ағаштар бүршік атады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, аюлар ұйкыларынан оянады.
Тәрбиеші:
- Дұрыс. Ал көктем туралы кім тақпақ айтады?
1-бала:
Қар еріді күн шықты,
Күндер туды шуақты.
Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем секілді.
Тәрбиеші:
- Балалар, тағы бір айтып кететін жай, қорыққа бару үшін біраз нәрселерді еске түсірейік.
1-бала:
Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді "Әулие бұлақ", "Әулие ағаш" деп атап, оларды көздің карашығындай қорғап отырған.
2-бала:
Ал, қарлығаш, аққу сияқты құстарды қасиетті санап, жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұғып, ұясын бұздырмай, қорғаған, ал балапандарын алуға не өздерін өлтіруге мүлде рұксат етпеген.
Тәрбиеші:
- Дұрыс-ақ екен. Осы табиғатты өлі және тірі табиғатты кім атап береді екен?
1-бала:
Тірі табиғат: Адам, жануарлар, жәндіктер, микробтар, құстар.
2-бала:
Өлі табиғат: Күн, ауа, су, тас.
Тәрбиеші:
- Табиғат туралы кім тақпақ айтып береді?
Сахналау қойылымы керсетіледі. Құстарды атқалы бүлдірген жүгіріп жүреді.
Бала:
- Тоқта, Бүлдірген, құстарды атпа. Сенің мұның жарамайды. Құстарды атуға болмайды, жануарларды өлтіруге болмайды. Гүлді үзуге, ағаштарды сындыруға болмайды. Оны сен неге білмейсің?
Бүлдірген:
-Кешіріңдер, балалар, енді мен құстарды атпаймын, балапандарды өлтірмеймін.
Тәрбиеші:
-Жарайды, Бүлдірген, ендігі бұл әдетіңнен тиыл, сен біздің балалармен бірге саяхатымызды жалғастыр.
Бүлдірген:
-Жақсы. Мен де балалардан жақсы әдеттерді үйренейін.
Тәрбиеші:
- Балалар, бәрін еске түсірдік. Енді көктем туралы ән айтайық. Балалар "Көктем" әнін орындайды. "Кім күшті" ертегісін сахналау.
Тәрбиеші:
- Балалар, қараңдаршы, мына жақта орындықтар, үстелдер тұр. Кәнеки, көрелік. Бұл аңдар мектебі екен. Қараңдар табиғи материалдар да бар көрінеді. Содан біз қазір осы табиғи материалдардан орманнан қандай жануарлар, құстар көрдік, солардың мүсіндерін жасайық. Балалар ән ырғағымен жұмыс жасайды. Мақал-мәтелдер айтылады.
Табиғат - төл анамыз,
Тынысымыз - ауамыз.
Сахналау қойылымы көрсетіледі. Қоян бала жылап жүгіріп келеді.
Қоян:
- Балалар, мен жолдан адасып қалдым. Көмектесіңдерші.
Тәрбиеші:
- Тоқта, Қоян бала, сенің атаң мен әжең қайда тұрушы еді?
Қоян:
- Жайлауда. Бірақ мен жолды ұмытып қалыппын.
Тәрб
и
еші:
- Ешнәрсе етпес, біздің балалар саған шамалап сурет салып берер, сол кезде есіңе түсер.
Балалар жабылып сурет салады.
Қоян:
- Рахмет, балалар. Көп-көп рахмет.
Мен сендерге ризамын.
"Сиқырлы қорап" ойыны ойналады.
Балалардың бәрі косылып, "Жайлауда" әнін орындап, ата мен әженің аулына қоянмен қосылып жүріп кетеді.
Қорытынды
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.
Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Тегінде бала сұлулықты форма мен мазмұнның бірлігі ретінде қабылдайды. Эстетикалық қабылдау сезім мен тебіренумен тығыз байланысты. Әсемдікке қызығудан туатын қуаныш, жайдары жан толғанысы эстетикалық сезімнің ерекшелігі болып табылады.
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
5-6 жастағы балалар табиғат және ондағы көптеген заттар, құбылыстар жайлы мағлүматтардан хабардар болады. Жыл мезгілдеріне сәйкес /күз, қыс, көктем, жаз/ күзде жапырақтар сарғаятыны, құстардың жылы жаққа ұшатыны, тұманды, жаңбырлы күндердің көп болатыны т.б. бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды. «Күз» дегенде «жапырақтар сарғайып түседі» — деген ойдың пайда болуы оларды күнделікті өмірмен тығыз байланыстырады. Себебі, күзде баланың таза ауада жапырақтармен ойнайтын кезі аз емес.
Эстетикалық тәрбиенің мәнісі тек баланың әсемдік атаулыны көре білуге үйретуде ғана емес, сонымен бірге әрекет жасауға ынталандыру, әсемдік атаулыны жасауға белсенді түрде қатыстыруда екен. Балалардың зейінін табиғатта жұмыс істейтін адамның еңбегіне аударып, олардың әсем де епті қимылдарын біріге отырып бақылауы шарт, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбекті сүюге, еңбек адамын құрметтеуге, табиғат әдемілігін аялауға үйретеді. Сондай-ақ табиғат, жыл мезгілдерінің ауысуы, орман- тау, ауа- райының құбылмалылығы, адамның күнделікті еңбек әрекеті мұның бәрі бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды.
Балаларға табиғаттағы әдемілікті сезініп, көре білуге баули отырып, табиғатты бақылатады. Бүкіл дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына зор үлес қосқан ұлы бабамыз Әл-Фараби өзінің педагогикалық мұрасында жас ұрпақтың эстетикалық ұғымын, сезімін қалыптастыруда үш нәрсені негізге алады:
1.Баланың ішкі ынта- ықыласы, құмарлығы, табиғи қабілеті.
2.Ұстаз- тәрбиешінің шеберлігі, ар тазалығы, шәкірт алдындағы адал жауапкершілігі.
3.Тәрбие үрдісінің алатын орны. Тәрбие жұмысында барлық уақытта асқақ мұрат, іскерлік, ұйымшылдық, құмарлык және әділетті бағалау қатар жүруі шарт делінген.
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Қорыта келе айтарымыз, бала тәрбиесімен, оған жүйелі білім беру мәселесімен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасын табиғатты назарынан тыс қалдырған емес. Себебі дүниеде, айнала қоршаған ортада адам танып-білетін, зерттейтін, оны күтіп-баптап, қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем — тек табиғат!
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Керімбаева Р.
Табиғат. Бала. Тәрбие. Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 50 – 52б.
2. Қалықбаева З.
Табиғат – тал бесігің. Отбасы және балалақша. – 1995. № 6. 30б.
3. WWW. Google. kz
4. Қоқанбаева Р. И.
Экологиялық тәрбие беру. Отбасы және балабақша. – 2006. № 5. 20 – 22б.
5. Ыдырысова Ж.
Табиғатқа ынтызарлық сезімді ояту. Отбасы және балабақша. – 1997. № 4 - 6. 70 – 71б.
6. Қонақбаева Р. Д.
Балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу. Отбасы және балабақша. – 2008. № 2. 29 – 30б.
7. Қамақов Ә.
Жеткіншектердің көркемдік талғамын қалыптастыру. Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 53 – 54б.
8. Жұмабекова Ф. И.
Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. Бақшадағы көркемдік тәрбие.
9. Құдашева Д. Т.
Баланың жан – дүниесін әсемдікке баулу. Отбасы және балабақша. – 2007. № 3. 15 – 16б.
10. Манкеш А. Е.
Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту. Білім беру және менеджмент. – 2007. № 2. 117 – 119б.
11. Хамитқызы Ғ.
Балабақшадағы экокологиялық тәрбие жұмысы. Отбасы және балабақша. – 1996. № 3 – 4. 34 – 37б.
12. Ерженбайқызы А.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие арналары. Отбасы және балабақша. – 1996. № 11 – 12. 52 – 57б.
13. Шалғынбаева Қ.
Экологиялық тәрбие. Отбасы және балабақша. – 2001. № 12. 55 – 58б.
14. Құлшанова С.
Табиғатты қорғау. Отбасы және балабақша. – 1993. № 6. 6 – 8б.
15. Көбеева Н.
Бала және табиғат. Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5. 6 – 7б.