РефератыЭкономикаШаШа ын ж не орта к сiпкерлiктi азiргi жа дайы

Ша ын ж не орта к сiпкерлiктi азiргi жа дайы



3. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы


мен дамуын талдау



§ 1. Жалпы ережелер


Елдегi әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуына оң ықпал еттi.


Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәлiметтерi бойынша 2005 жылғы 1 қаңтарда республикада 208,4 мың заңды тұлғалар тіркелген, оның 195,7 мың шағын кәсiпорындар құрайды, орта кәсiпорындар - 10,67 мың. Бұл ретте, шағын кәсiпкерлiк субъектілерi жалпы санының 93,9%-ын құрайды.


Шағын кәсіпкерлікте (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 524,6 мың адамға жетті, өсу 2003 жылғы тиiстi күнiне 8,7%-ды құрады.


Шағын кәсiпкерлiктiң ЖIӨ-ге қосқан үлесi 2003 жылы 16,2%-ды құрады, яғни салыстырмалы түрде шағын және орта кәсiпкерлiк шамамен 25%-ды бередi.


Заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң тауарлар мен қызметтердi сатудан түскен кiрiстерiнiң артуы 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 8,7 %-ды құрады.


Шағын кәсiпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары мүлдем дерлік өзгерген жоқ. Белсендi заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалпы санынан сауда, автомобиль жөндеу және үйде қолданатын бұйымдар саласы - 40,5%-ы басым жағдайды иеленген, шағын кәсiпкерлiк саласында белсендi халықтың жиынтық саны 163,6 мыңы жұмыспен қамтылған (шағын кәсiпкерлiкте жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 31 %-ы).


2003 жылы көлеңкелi экономиканың үлесi ЖIӨ-ден 22,6%-ды құрады, әйтседе 1992 жылдан 1998 жылдар кезеңiнде аталған көрсеткiш орташа 30-38%-ға дейiнгi аралықта бағаланды.


Бүгiнгi күнде кәсiпкерлер қос бухгалтерлiк жүргiзе отырып, астыртын өндiрiспен және жалған мәмiлелермен айналысып не басқа да көлеңкелі операцияларға қатысып өз қызметтерiн салықтардан жасыруға тырысады.





§ 4. Кәсiпкерлiктi қолдаудың әлемдік тәжiрибесi



Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсiпкерлiктiң дамуына үлкен мән берiледi.


БҰҰ-ның даму бағдарламасы бойынша шағын кәсiпорындардың саны барлық кәсiпорындардың жалпы санынан 95 %-ға артық. Әлемдiк экономикада мұндай кәсiпорындардың үлесiне жұмыспен қамтылғандардың 60 % астамы келедi, ал олардың ЖIӨ-дегі үлесi 50 %-ға жетедi.


Рыноктiк қатынастардың қалыптасуы кезiнде әсiресе шағын кәсiпкерлiк мемлекеттiк қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдiк тәжiрибе куә. Бұл ретте, тiреледi бизнестi бәсекеден қорғауға немесе ол үшiн ерекше "жұмсақ" жағдайлар құруға емес технологиялық жетілдірудiң генерациясы фирмаiшiлiк процестi үнемi ынталандыратын және фирманың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшiн оқытатын жағдайларды қамтамасыз етушi шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың нысаны мен мақсаты шешушi мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада iлгерiлiк жасаған көптеген елдердiң тәжiрибесi көрсетедi.


Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау шаралары:


жаңа технологияларға (технологиялар мен экономикалық ақпараттар ұсыну, консультация және оқыту) қол жетiмдiлiктi жеңiлдетуге;


рынок капиталына (салық жеңiлдiктерi, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттiк субсидиялар, рыноктiк және жеңiлдiктi кредиттi ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түрiндегi жеңiлдiкпен кредит беру) қол жетiмдiлiктi жеңiлдету;


кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетiн кластерлiк-желiлiк ұстанымды енгiзу арқылы шағын компаниялар мәселесi бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған.


Кластерлiк-желiлiк ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасы iске асырылған елдер - бұл Италия, АҚШ, Жапония, Германия, Корея, Дания, Ұлыбритания, Франция, Мексика, Чили, Бразилия. Бiрқатар дамыған және дамушы елдерде кластерлiк-желiлiк ұстанымға негiзделген шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасын iске асыруды мысалға келтiремiз.


1. Италия. Бiрiншi рет кластерлiк-желiлiк ұстаным Италияда 70 жылдар қолданылған. Шағын және орта бизнеске кластерлiк-желiлiк ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның дамуы бастау алатын "үшiншi Италия"1 деген атқа ие болған Италияның тәжiрибесi қызық. 70 жылдардың соңында "бiрiншi" және "екiншi" Италия экономикалық дағдарысты басынан өткiздi, елдiң солтүстiк-шығыс және орталық бөлiгi экономикалық өсудiң жоғары түрiн көрсеттi. Негiзiнен шағын және орта кәсiпорындар әрекет ететiн (тоқыма және былғары өндiрiсi, аяқ киiм, керамика және жиһаз өндiрiсi) бiрқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi тек ғана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қоймай, экспорт рыногына да шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның iрi кәсiпорындары құлдырауды басынан өткiзiп жатты, "үшiншi Италияның" шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiстiк процеске инновацияларды енгiзуге қабiлеттi болып шықты.


____________________________


1
"Бiрiншi Италия" - Италияның дәстүрлi бай солтүстiк-батыс бөлiгi, "екiншi Италия" - елдiң кедей оңтүстік бөлiгi.


2. АҚШ. ЖҰӨ-нiң 50 %-нан астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмысшы күшiнiң 2/3 астамы шағын кәсiпкерлiкке тартылған. AҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ел экономикасын оңалтуда шешушi рөл атқарды. Бұл үшiн АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретiн құрылым - АҚШ шағын бизнес әкiмшiлiгi (1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсiпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету - қызметтiң мәнi.


3. Жапония. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесi барлық компаниялар санының 99,6 %-ын, ЖIӨ-нiң 55 %-ын және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80 %-ын құрайды. Шағын кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн шағын және орта кәсiпкерлiкке қатысты мемлекеттік саясатты iске асыратын мамандандырылған органдар желiсi құрылды.


Жапонияда шағын және орта кәсiпкерлiкті қолдаудың негiзгi шаралары:


ШОБ-ты жаңғырту үшiн кредиттер мен жеңiлдiктi кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыру қол жетiмділiктi жеңiлдету (20 жылға 1,05 %-дық ставкамен);


бизнес-инкубаторлар құру, салық салу, және менеджмент, персоналды басқару және рыноктағы ахуал туралы ақпарат, сондай-ақ оқыту бағдарламаларын ұсыну мәселелерi бойынша қысқа мерзiмдi негізде мамандарды ұсынумен инвестициялық жобаларды бағалау арқылы бизнесті қолдау жүйесiн құру;


техникалық көмек, қаржылық және заңнамалық қолдау арқылы жаңа және венчурлық бизнес құруды ынталандыру;


жаңа әзiрлемелердi коммерциализациялауды қолдау мен ғылыми oртa, бизнес және үкiмет арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру арқылы технологиялардың дамуын қолдау;


пайыздық төмен ставкалар бойынша субсидиялау және кредит беру арқылы бизнесте инновацияларды қолдау, венчурлық жобаларға мемлекеттiң қатысуы және зерттеу кәсiпорындары үшiн патенттiк төлемдердi төмендету.


Жапонияда зерттеулердi дамыту деңгейi бойынша жетекшi рөлдi технопарктер алады. 70 % шамасында жапондық технопарктер өңiрлердегi шағын кәсiпкерлiк кәсiпорындарын қолдау үшiн құрылды, бұл ретте, 58 %-ы жоғары технологиялы өнiмдер өндiруге бағытталған.


4. Германия. Германдық кластерлiк-желiлiк ұстанымды қолдаудың негізгi қағидаттары - бұл мынадай рыноктiк тетiктерге:


мемлекеттік қолдауға емес шағын және орта кәсіпкерліктің дербестігіне басымдыққа;


тиiмсiз кәсiпорындар рыноктан кетуi керек;


шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттiң қаржылай көмек беруi үшiн негiзгi талап - кредитке қабiлеттiлiкке тiрек болады.


5. Корея. Барлық компаниялардың 99,5 %-ын құрайтын 3 млн. шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi бар. Соның iшiнде шағын компаниялардың үлесi 97 % құрайды. Оңтүстік Кореяда шағын компаниялар жұмысқа орналастырудың маңызды көзi болып табылады, өйткенi онда елдiң экономикалық белсендi халқының 87 %-ы жұмыспен қамтылған (10 млн. астам). Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесiне елдiң ЖIӨ-нiң жартысы және оңтүстiккореялық экспорттың 43 % тиесiлi.


6. Израиль. Қолдау инфрақұрылымының объектілерi құрылған, олардың көпшiлiгi мемлекеттiк. Кәсiпорындарды қаржыландыруға көмек беретiн мемлекеттiк және бiрнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттiк субсидия бизнестi жүргiзу үшiн қажеттi қаражаттың 3/4-iн құрайды, 1/4-i - кәсiпкердiң салған қаражаты.


Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда алдымен жаңа инновациялық жобалар жасалады.


Осылайша, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми-техникалық салалардың дамуын қолдайтын және мұндай саясаттың алдына шаруашылық жүйенi оңтайландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiне бейiмдеу мiндетi қойылған елдерде жақсы дамыған.


Ғылыми-өнеркәсiптiк парктер болашақтағы технополистердiң - озық технологиялар, ғылыми зерттеулер мен жобалау-құрастыру әзiрлемелерi қалаларының қазiргі үлгiлерi болып табылады. Өтпелi экономикалы көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер үшiн ғылыми-өнеркәсіптік парктердi дамыту басымдығының стратегиясы - бұл жоғары технологиялық деңгейдiң өңiрлiк орталықтар желiсiн дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты зияткерлендiру негiзiнде қызметтің жаңа салаларында iлгерiлеу.


Технополистерде ғылым, жоғары технологиялар, дәстүрлі ұлттық мәдениет үйлесім тапқан және шығармашыл, жан жақты дамыған адамдардың жаңа қоғамы құрылады.



Бәсекел
i
ортаға
бер
i
лет
i
н
қызмет
түрлер
i
н
талдау



"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына

сәйкес мемлекеттiк органдардың қарамағында 400-ден астам республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар бар, алайда алдын ала жүргiзiлген сараптама олардың саны бүгінде 509 құрайтынын көрсеттi.


Мемлекеттiк органдардың мәлiметтерi бойынша республикалық коммуналдық меншiкте барлығы 4892 кәсiпорын бар.


Заңды тұлғалар тiзбесiнде (акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) орталық атқарушы органдардың атынан жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуымен 178 ұйым бар. Жергiлiктi атқарушы органдар 1061 акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң құрылтайшылары және қоса құрылтайшылары болып табылады.


Мемлекеттiң қатысуымен кәсiпорындардың қызметiне алдын ала жүргiзiлген талдау олардың қызметiнiң бүгiнгi күннiң жағдайларына сәйкес келмейтiнiн көрсеттi. Кәсiпорындар iс жүзiнде рыноктi мемлекеттiк монополияға айырбастап, мемлекетке сәйкес келмейтiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруда. Әсiресе мұндай тәжiрибе мемлекеттiк тапсырыс есебiнен өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындарға тән. Бiр қатар мемлекеттiк кәсiпорындар рыноктік ортаға кең ұсынылған қызметтi жүзеге асырады: сауда - делдалдық қызмет, көлiк қызметтерi, сервистiк сипаттағы қызметтер, құрылыс, баспаханалық және басып шығару қызметi, абаттандыру, ғимараттар мен құрылыстарға қызметтер көрсету, ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету және бағдарламалық өнiм жасау және т.б. Iрi мегахолдингтер құрамында жоғарыда айтылған қызметтi жүзеге асыратын және холдингтің негiзгi қызметiне қатысты бейiндi емес болып табылатын еншiлес ұйымдары бар екендігін айту керек.


Құрылтай құжаттарда көрсетiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың мақсаты мен мәнi заңнамада нормалардың нақты жазылмауы салдарынан әрқашан тура мағынасы негiзгi мақсатқа сәйкес келе бермейдi не кез келген қызмет түрлерiмен айналысу мүмкiндiгін көздейдi.




4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi



Қазақстан 2030 даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы

басымдықтары тұрғысынан Бағдарламаның басты мақсаты шағын және орта кәсiпкерлік субъектiлерi қызметiн барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетiлдiру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру болып табылады.


Шағын және орта кәсiпкерлiктің қазiргi жағдайы мен дамуының талдамасының нәтижелерiн және шетелдiк тәжiрибенi ескере отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшiн аталған бағытта мынадай мiндеттердi iске асыру көзделуде:


Шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн заңнамалық негіздің барынша ашықтығын құру;


экономиканы бюрократиясыздандыру және әкiмшiлiк кедергiлердi жою;


шағын және орта кәсiпкерлiкте көлеңкелi айналымды қысқарту;


мемлекетке бейiндi емес функцияларды рыноктiк ортаға, бiрiншi кезекте шағын және орта кәсiпкерлiкке беру;


кластерлiк-желілік ұстаным негiзiнде тiршiлiкке қабiлетті инфрақұрылымдық жүйелердi құру және қамтамасыз ету;


инновациялық экономикаға кәсiпкерлiктiң қатысуы.


Жоғарыда аталған мiндеттер мынадай негiзгi шараларды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады:


2005 жылы:


тексеру жүргiзу, Қазақстан Республикасының бiр қатар заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдерiн әзiрлеу және қабылдау;


шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту саласында заңнамалық негіздің барынша ашықтығын қамтамасыз етудi әзiрлеу;


шағын және орта кәсiпкерлiк саласында мемлекеттiк органдардың бақылау және қадағалау функцияларына талдау жүргiзу;


шағын және орта кәсiпкерлiк саласында мемлекеттiк органдардың бақылау және қадағалау функцияларын қысқарту және жүйелендiру жөнiнде шаралар қабылдау;


шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне кредит беру көлемiн 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету;


шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржылай қолдау бөлiгінде "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ рөлiнiң күшеюiн қамтамасыз ету;


Yлкен қаржы маркетiн құру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру.


2006 жылы:


мемлекеттiң қатысуымен мемлекеттiң және акционерлiк компаниялардың бейiндi емес функцияларына талдау жүргiзу және шағын және орта кәсiпкерлiкке беру;


шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiне кредит беру көлемiн 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету.


2007 жылы:


шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiне кредит беру көлемiн 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету.


Мемлекеттiң жеке сектормен өзара iс-әрекетiнiң жаңа идеологиясын жасауды аяқтау.


Кластерлiк-желiлiк ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың экономикалық моделiн әзiрлеу шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың жаңа стратегиясына және мемлекет пен бизнестiң өзара қатынасының жаңа идеологиясына көшудi бiлдiруi қажет. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту үшiн мемлекеттің бұдан әрi қолданатын шаралары (нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, салық салу, кредит беру, инфрақұрылымды дамыту және т.б) осы ұстанымды iске асыру тұрғысынан және осы экономикалық модел шеңберiнде қолданылады.


Ескерту
: әрiптi аббревиатуралардың толық жазылуы


IIМ - Iшкi iстер министрлігі


ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі


МАСМ - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі


БҒМ - Білім және ғылым министрлiгi


ККM - Көлiк және коммуникация министрлігі


Еңбекминi - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi


Қаржыминi - Қаржы министрлiгi


ЭБЖМ - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi


Әдiлетминi - Әдiлет министрлігі


ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi


АБА - Ақпараттандыру және байланыс агенттігi


ЖРА - Жер ресурстарын басқару агенттігі


ТМРА - Табиғи монополияларды реттеу агенттігi


СА - Статистика агенттігі


ЭҚСЖҚКА - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігi


ҚНҚҰРҚА - Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі


ҰБ - Ұлттық Банк


ШКДҚ - Шағын кәсіпкерлiкті дамыту қоры


АҚШҚҚҚ - Ауылшаруашылығын қаржылық қолдау қоры


1. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІН НЕГІЗДЕУ


Еліміз егемендігін алған уақыттан бастап, шағын және орта бизнес субъек-тілерін дамытуға мемлекет тарапынан үнемі айрықша көңіл бөлініп келеді.


Шағын және орта бизнестің даму деңгейі ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін негізгі буын екені сөзсіз. Инновацияның негізгі көзі болып табылатын нақ осы сектор, өз кезегінде ел экономикасының бәсекеге қабілеттілік деңгейінің жоғары болуын да қамтамасыз етеді.


Дамыған елдерде жұмыспен қамтылған барлық еңбекке жарамды халықтың 50-80%-ы және жалпы ішкі өнімнің (одан әрі-ЖІӨ) 50%-дан астамы шағын және орта бизнестің үлесіне тиеді.


Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар үлесі 22% құрайды, ал шағын бизнестің елдің ЖІӨ үлесі 16% аспайды.


Мұндай салыстыру Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылу Стратегиясын табысты іске асыру үшін кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бұған дейінгі атқарылған жұмыстар тәжірбиесін жүйелендіру арқылы экономикалық, құқықтық және институционалдық-құрылымдық реформаларды тереңдету қажеттілігі туындағанын көрсетіп отыр.


Шағын және орта кәсіпкерлікті (одан әрі-ШОК) қолдау жөніндегі жаңа шаралар елдің дағдарысқа қарсы жаңа бағдарламасының – Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы №6 қаулысымен бекітілген бірлескен іс-қимылдар Жоспарының ең негізгі бағытына айналды. Жоғарыда белгіленген бағдарламада қарастырылған негізгі шаралар осы сектордың тиімді дамуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды төмендете отырып, ШОК субъектілерін қаржылай қолдауды одан әрі жүзеге асырумен байланысты.


Алайда
,
осы
бағдарлама
шеңберінде
кәсіпкерлік
бастамашылығы
бар
халықтың
және
жұмыс
істеп
жүрген
кәсіпкерлердің
біліктілігін
арттыру
бағытында
атқарылуға
тиіс
шаралар
қарастырылмай
қалған
.


Мемлекет бюджетінің мүмкіндігі үнемі шектеулі болатын жағдайда қаржылай қолдау көрсету тәжірибесі ШОК
субъектілерін
тиісті
көмекпен
толықтай
қамтуға
мүмкіншілік
бермейтінін
де атап өту керек. Сонымен, соңғы он жыл ішінде мемлекет тарапынан бөлінген 200 миллиард теңгеден асатын едәуір қаржы ресурстары тек 1% немесе қазіргі уақытқа тіркелген 10 мың ШОК субъектілерін ғана қамтуға мүмкіншілік берді. Ал ақысыз тренингтер түрінде қаржылай емес қолдау көрсету, Бағдарламаны іске асыру жөніндегі бюджеттің алдын-ала есебі бойынша, 0,5
миллиардқа
жуық
теңгенің
жұмсалуы
30
мыңнан
астам
ШОК
субъектілерін
және
тіркелген
ШОК
субъектілерінің
барлық
жалпы
санының
3%
құрайтын
әлеуетті
кәсіпкерлерді
қамтуға
және
халықтың
басым
көпшілігін
кәсіпкерлік
саласына
тартуға
мүмкіншілік
береді
.


Қазіргі уақытта ШОК-қа консалтингтік және ақпараттық- талдамалық қызмет көрсету деңгейінің төмен екендігі байқалады. Консалтингтік, оқыту және ақпараттық қызмет көрсету нарығы ірі қалалардың өзінде де толығымен дұрыс жолға қойылмаған, ал орталықтан
шалғай
аймақтарда

аудандық
деңгейлерде
тіптен
жоқтың
қасы
.


Оған қоса, кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету инфрақұрылымының (ККО, бизнес-орталықтар, бизнес-инкубаторлар, бизнес-ассоциациялар және т.б.) жұмыс істеп жатқан субъектілері ұсынатын осы қызмет түрлері коммерциялық негізде жүзеге асырылады және оның құны көпшілік кәсіпкерлерге және кәсіпкерлікті енді бастауға ниеттеніп отырған халықтың қалтасына едәуір салмақ түсіреді, оның үстіне қызмет түрлері де әрқилы
және
жарым
-
жартылай
ғана
сипатта
болып
келеді
.


Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету инфрақұрылымының рөлінің
өзі
бизнесті
жүргізуді
жеңілдету
үдерісімен
қатар
(қосымша қызмет көрсету арқылы-бухгалтерияны жүргізу, заңгерлік қызмет көрсету, ақпараттық технологиялар) кәсіпкерлік
қызметті
жүзеге
асырудың
сапасы
мен
тиімділігін
арттыруда
,
сонымен
қатар
кәсіпкерлер
мен
мемлекеттік
органдар
арасында
тиімді
диалог
құру
үшін
де
маңызды
.


Бүгінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып жүрген тұрғындардың біліктілік деңгейін арттыру қажеттілігі айқын болып отыр. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша елімізде 1 млн. астам ШОБ субъектілері тіркелген, оның 60% ғана белсенді қызмет атқарып жүр.


Кәсіпкерлерде
бизнес
жүргізу
дағдысының
болмауы
мен
бұл
саладағы
тәжірибелерінің
жеткіліксіздігі
-
қалыптасқан
бүгінгі
ахуалдың
басты
себептерінің
бірі
деуге
негіз
бар
.
Бұның
соңы
олардың
банкротқа
ұшырауына
немесе
қызметтерін
мүлде
тоқтатуларына
әкеп
соқтыруда
.


Халықты жұмыспен қамту және олардың табысын молайту мәселесін шешу мақсатында тұрғындардың басым көпшілігін елдің орта табын құрауға негіз болатын салаға - кәсіпкерлік саласына жұмылдыру да қажет болып отыр.


Кәсіпкерлік бастамашылығы бар халықтың басым бөлігі және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, әсіресе аудандық деңгейдегілер, ШОК-дің мүдделерін қорғау және оларға қолдау көрсету саласындағы мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған саясат туралы қажетті ақпараттан толыққанды хабардар емес.


Одан бөлек, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті тұрғындардың көпшілігінің білімі мен ақпараты жеткіліксіз болғандықтан, өз ісін ашуға жүрексінеді немесе батылы бармайды.


Мұндай жағдайда, бизнесті
жүргізудің
қыр

сыры
туралы
,
кәсіпкерлік
бастамашылықты
қолдау
және
ынталандыру
жөніндегі
мемлекеттік
бағдарламалар
жөнінде
хабардар
болудың
деңгейін
арттыру
,
біздің
ойымызша
,
шағын
және
орта
бизнесті
қолдау
жөніндегі
басқа
шараларға
қарағанда
,
маңыздылығы
әлдеқайда
басым
міндет
болып
табылады
.


Мұндай кезде, кәсіпкерлік
ортаның
бастамаларын
іске
асыру
үшін
қолайлы
жағдай
қалыптастырудың
маңызды
мәні
бар
.
Қолайлы жағдай қалыптастыру аясында кәсіпкерлік
бастамашылығы
бар
халықты
және
жұмыс
істеп
жүрген
кәсіпкерлерді
бизнесті
құру
және
оны
тиімді
жүргізу
негіздеріне
оқытатын
оқыту
-
тренингтерін
үнемі
және
кең
ауқымды
көлемде
жүргізу
айрықша
мәнге
ие
болады
.
Сонымен қатар бұл шаралар жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің біліктілік деңгейін айтарлықтай арттырып, кәсіпкерлік бастамашылығы бар халықтың басым бөлігін бизнес саласына тартуға септігін тигізуі үшін іс жүзінде елдің
барлық
аудандарындағы
мақсатты сегментті толығымен қамтуы қажет.


Бүгінде орта және ірі кәсіпорындардың экономикалық ахуалы төмендеуі себепті жұмысынан айрылған тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігі үшін өз ісін ашу және оны жүргізу бойынша тегін оқыту курстарын ашу оларға нақты көмек болатындықтан, елдегі
жұмыссыздық
деңгейінің
өсуіне
жол
бермеу
мақсатында
,
ғаламдық
дағдарыс
зардаптарына
төтеп
беру
жағдайында
Бағдарламада қарастырылған шаралардың көкейтестілігін ерекше атап өту қажет.


Бұл
Мемлек

ет
басшысының
«
Дағдарыстан
жаңару
мен
дамуға
»
атты
2009
жылғы
6
наурызда
Қазақстан
халқына
жолдаған
Жолдауында
қойған
мақсаттарына
толықтай
сәйкес
келеді
.


2. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Бағдарламаның басты мақсаты елдегі ШОБ-ң сапалы дамуын Қазақстанның барлық аудандарындағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар халыққа бизнесті ашу және оны тиімді жүргізу бойынша кешенді бірыңғай және қол жетімді білім беру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.


«Даму» Қоры осы мақсатқа қол жеткізуді мынадай міндеттерді шешу есебінен жоспарлап отыр:


· жеке бизнес ашу және оны тиімді жүргізу жөнінде қолданбалы сипаттағы қол жетімді және бірегей экспресс-курстар әзірлеу;


· Қазақстаннық барлық облыстарындағы аудандарда кәсіпкерлік бастамашылығы бар халық үшін және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін өз бизнесін ашу және оны тиімді жүргізу бойынша жүйелі негізде оқыту- тренингтерін өткізетін кәсіби лекторлар-тренерлер тобын құру;


· Халықтың басым көпшілігіне және оның ішінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Ұлттық даму институттарының қызметтерін әлеуетті пайдаланушыларына мемлекеттің кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің барлық құралдары бойынша белсенді ақпараттық қолдау көрсету;


· қызметі кешенді сипат алатын Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау орталықтарын әрі қарай құру үшін, Қазақстаннық барлық облыстарындағы аудан-дарда кәсіпкерлік бастамашылығы бар халықтың және жұмыс істеп жүрген кәсіп-керлердің нақты қажеттіліктерін анықтау негізінде қажетті ақпарат қалыптастыру.


3. ІСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМІ


3.1. Қаржылай емес қолдау көрсету мазмұны мен қағидаттары


Бағдарлама механизмінің негізгі мазмұны Қазақстаннық барлық облыс-тарындағы аудандарда кәсіпкерлік бастамашылығы бар халыққа және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге қысқамерзімді оқыту- тренингтері бойынша қызмет көрсетуге саяды.


Оқыту- тренингтері бойынша қызмет ақысыз көрсетіледі және оған мына-лар кіреді:


1. жұмыс істеп жүрген және өз бизнесін ашу және кәсіпкерлік қызметті тиімді басқару саласы бойынша әлеуетті кәсіпкерлердің білім деңгейі мен дағды-ларын арттыруға бағытталған қысқамерзімді (2-3 күндік) оқу курстарын ұйымдас-тыру, оған қоса:


· өз бизнесін ашу (істі бастау варианттары, саланы таңдау, бизнес-жоспар әзірлеу, қаржыландыру көзін іздестіру, қызметті жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық формасын таңдау, салық салу тәртібін, фирманың атауын таңдау, құрылтай құжаттарын әзірлеу, фирманы тіркеу, банктік шот ашу, қажетті рұқсат пен лицензиялар алу);


· Бизнесті жүргізу (бизнесті басқару, келісімшарттар жасасу негіздері, өндірістік үдерісті ұйымдастыру, тиімді басқару, бизнесті оқып үйрену, есеп жүргізу, бизнесті алға жылжыту: жарнамалау және маркетинг жүргізу, фирманы қайта құру және тарату, бизнесті сату);


· Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі шараларды түсіндіру.


2. Ақпараттық материалдарды, оған қоса:


· бизнесті жүргізу жөніндегі оқу құралдарын;


· ақпараттық-сараптамалық материалдар;


· шағын және орта кәсіпкерліктің әртүрлі салалары бойынша дайын бизнес-жоспарлар тізбесін тарату.


· Әрбір экспресс-курс таныстыру-таныту әдісінің заманауи үлгілері мен технологияларын қолдана отырып, оқыту-тренинг түрінде өткізілетін болады.


· Оқу курстарының, сонымен қатар ақпараттық материалдардың тақы-рыптары клиенттердің оқыту-тренингтерін өткізу үдерісінде анықталған сұранысы мен қажеттілігін есепке ала отырып, жүйелі негізде жетілдіріліп отыратын болады.


БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


Бағдарламаның атауы
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Бизнес Кеңесші» Бағдарламасы


Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме


Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті елу елдің қатарына қосылу Стратегиясы, Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы


Әзірлеуші


«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ


«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ


Мақсаты


Елдегі ШОБ-ң сапалы дамуын Қазақстанның барлық аудандарындағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар халыққа бизнесті ашу және оны тиімді жүргізу бойынша кешенді, бірыңғай және қол жетімді білім беру арқылы қамтамасыз ету


Міндеттері


· Жеке бизнес ашу және оны тиімді жүргізу жөнінде қолданбалы сипаттағы қол жетімді және бірегей экспресс-курстар әзірлеу;


· Қазақстаннық барлық облыстарындағы аудандарда кәсіпкерлік бастамашылығы бар халық үшін және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін өз бизнесін ашу және оны тиімді жүргізу бойынша жүйелі негізде оқыту- тренингтерін өткізетін кәсіби лекторлар-тренерлер тобын құру;


· Халықтың басым көпшілігіне және оның ішінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Ұлттық даму институттарының қызметтерін әлеуетті пайдаланушыларына мемлекеттің кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің барлық құралдары бойынша белсенді ақпараттық қолдау көрсету;


· Қызметі кешенді сипат алатын Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау орталықтарын әрі қарай құру үшін, Қазақстаннық барлық облыстарындағы аудандарда кәсіпкерлік бастамашылығы бар халықтың және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің нақты қажеттіліктерін анықтау негізінде қажетті ақпарат қалыптастыру.


Қаржыландыру көздері
«Даму» Қорының өз қаражатымен қоса мемлекеттік бюджеттің субсидиясы


Іске асыру механизмі


· Кәсіпкерліктің экспресс-курстарын әзірлеу


· Кәсіби тренер-лекторларды іріктеу және дайындау


· Қазақстаннық барлық облыстарындағы аудандарда кәсіпкерлік бастамашылығы бар халықпен және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлермен қысқамерзімді оқыту-тренингтерін өткізу


· оқыту-тренингтері нәтижелерінің сапасына бақылау жасау және бағалау


Күтілетін нәтижелер


• оқыту-тренингтерді жаппай және бір рет өткізгеннің өзінде еліміздің барлық облыс аудандарындағы әлеуетті және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің кемінде 30 000 бірлігінің біліктілігін көтеру қамтамасыз етіледі;


• халықтың шағын және орта кәсіпкерлік саласында еңбек етіп жүрген экономикалық белсенді бөлігінің үлесін жалпы еліміз көлемінде де сондай –ақ аудандық деңгейде де ұлғайту;


• аудандардағы әлеуетті және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен мемлекет арасында тиімді диалог қалыптастыру;


• экономика саласындағы кәсіпкерлік рөлін танымал ету және мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты өткізіп отырған саясаты туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру;


• аймақтарда қызметтері кешенді сипатта болатын Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау орталықтарын кейіннен құру үшін қажетті алғышарттарды қалыптастыру.


КІРІСПЕ


«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (одан әрі – «Даму» Қоры) әзірлеген бұл Бағдарлама мемлекеттің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті сапалы дамыту жөніндегі іс-шараларының одан арғы жалғасы болып табылады.


Осы Бағдарлама шеңберінде баяндалған шағын және орта бизнесті дамыту басымдықтары Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясына, Қазақстан-ның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті елу елдің қатарына қосылу Стратегия-сына, Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес қалыптасқан.


Аталмыш Бағдарлама Қазақстаннық барлық облыстарындағы аудандарда кәсіпкерлік бастамашылығы бар халыққа және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге қысқамерзімді оқыту-тренингтері бойынша қызмет ұсыну арқылы шағын және орта бизнесті қаржылай емес қолдаудың тиімді құралдарының бірі болып табылады.


1. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІН НЕГІЗДЕУ


Еліміз егемендігін алған уақыттан бастап, шағын және орта бизнес субъек-тілерін дамытуға мемлекет тарапынан үнемі айрықша көңіл бөлініп келеді.


Шағын және орта бизнестің даму деңгейі ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін негізгі буын екені сөзсіз. Инновацияның негізгі көзі болып табылатын нақ осы сектор, өз кезегінде ел экономикасының бәсекеге қабілеттілік деңгейінің жоғары болуын да қамтамасыз етеді.


Дамыған елдерде жұмыспен қамтылған барлық еңбекке жарамды халықтың 50-80%-ы және жалпы ішкі өнімнің (одан әрі-ЖІӨ) 50%-дан астамы шағын және орта бизнестің үлесіне тиеді.


Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар үлесі 22% құрайды, ал шағын бизнестің елдің ЖІӨ үлесі 16% аспайды.


Мұндай салыстыру Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылу Стратегиясын табысты іске асыру үшін кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бұған дейінгі атқарылған жұмыстар тәжірбиесін жүйелендіру арқылы экономикалық, құқықтық және институционалдық-құрылымдық реформаларды тереңдету қажеттілігі туындағанын көрсетіп отыр.


Шағын және орта кәсіпкерлікті (одан әрі-ШОК) қолдау жөніндегі жаңа шаралар елдің дағдарысқа қарсы жаңа бағдарламасының – Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы №6 қаулысымен бекітілген бірлескен іс-қимылдар Жоспарының ең негізгі бағытына айналды. Жоғарыда белгіленген бағдарламада қарастырылған негізгі шаралар осы сектордың тиімді дамуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды төмендете отырып, ШОК субъектілерін қаржылай қолдауды одан әрі жүзеге асырумен байланысты.


Алайда, осы бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік бастамашылығы бар халықтың және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру бағытында атқарылуға тиіс шаралар қарастырылмай қалған.


Мемлекет бюджетінің мүмкіндігі үнемі шектеулі болатын жағдайда қаржылай қолдау көрсету тәжірибесі ШОК субъектілерін тиісті көмекпен толықтай қамтуға мүмкіншілік бермейтінін
де атап өту керек. Сонымен, соңғы он жыл ішінде мемлекет тарапынан бөлінген 200 миллиард теңгеден асатын едәуір қаржы ресурстары тек 1% немесе қазіргі уақытқа тіркелген 10 мың ШОК субъектілерін ғана қамтуға мүмкіншілік берді. Ал ақысыз тренингтер түрінде қаржылай емес қолдау көрсету, Бағдарламаны іске асыру жөніндегі бюджеттің алдын-ала есебі бойынша, 0,5 миллиардқа жуық теңгенің жұмсалуы 30 мыңнан астам ШОК субъектілерін және тіркелген ШОК субъектілерінің барлық жалпы санының 3% құрайтын әлеуетті кәсіпкерлерді қамтуға және халықтың басым көпшілігін кәсіпкерлік саласына тартуға мүмкіншілік береді.


Қазіргі уақытта ШОК-қа консалтингтік және ақпараттық- талдамалық қызмет көрсету деңгейінің төмен екендігі байқалады. Консалтингтік, оқыту және ақпараттық қызмет көрсету нарығы ірі қалалардың өзінде де толығымен дұрыс жолға қойылмаған, ал орталықтан шалғай аймақтарда – аудандық деңгейлерде тіптен жоқтың қасы.


Оған қоса, кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету инфрақұрылымының (ККО, бизнес-орталықтар, бизнес-инкубаторлар, бизнес-ассоциациялар және т.б.) жұмыс істеп жатқан субъектілері ұсынатын осы қызмет түрлері коммерциялық негізде жүзеге асырылады және оның құны көпшілік кәсіпкерлерге және кәсіпкерлікті енді бастауға ниеттеніп отырған халықтың қалтасына едәуір салмақ түсіреді, оның үстіне қызмет түрлері де әрқилы және жарым-жартылай ғана сипатта болып келеді
.


Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету инфрақұрылымының рөлінің өзі бизнесті жүргізуді жеңілдету үдерісімен қатар
(қосымша қызмет көрсету арқылы-бухгалтерияны жүргізу, заңгерлік қызмет көрсету, ақпараттық технологиялар) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың сапасы мен тиімділігін арттыруда, сонымен қатар кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында тиімді диалог құру үшін де маңызды.


Бүгінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып жүрген тұрғындардың біліктілік деңгейін арттыру қажеттілігі айқын болып отыр. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша елімізде 1 млн. астам ШОБ субъектілері тіркелген, оның 60% ғана белсенді қызмет атқарып жүр.


Кәсіпкерлерде бизнес жүргізу дағдысының болмауы мен бұл саладағы тәжірибелерінің жеткіліксіздігі - қалыптасқан бүгінгі ахуалдың басты себептерінің бірі деуге негіз бар. Бұның соңы олардың банкротқа ұшырауына немесе қызметтерін мүлде тоқтатуларына әкеп соқтыруда.


Халықты жұмыспен қамту және олардың табысын молайту мәселесін шешу мақсатында тұрғындардың басым көпшілігін елдің орта табын құрауға негіз болатын салаға - кәсіпкерлік саласына жұмылдыру да қажет болып отыр.


Кәсіпкерлік бастамашылығы бар халықтың басым бөлігі және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, әсіресе аудандық деңгейдегілер, ШОК-дің мүдделерін қорғау және оларға қолдау көрсету саласындағы мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған саясат туралы қажетті ақпараттан толыққанды хабардар емес.


Одан бөлек, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті тұрғындардың көпшілігінің білімі мен ақпараты жеткіліксіз болғандықтан, өз ісін ашуға жүрексінеді немесе батылы бармайды.


Мұндай жағдайда, бизнесті жүргізудің қыр–сыры туралы, кәсіпкерлік бастамашылықты қолдау және ынталандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жөнінде хабардар болудың деңгейін арттыру, біздің ойымызша, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі басқа шараларға қарағанда, маңыздылығы әлдеқайда басым міндет болып табылады.


Мұндай кезде, кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай қалыптастырудың маңызды мәні бар.
Қолайлы жағдай қалыптастыру аясында кәсіпкерлік бастамашылығы бар халықты және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді бизнесті құру және оны тиімді жүргізу негіздеріне оқытатын оқыту-тренингтерін үнемі және кең ауқымды көлемде жүргізу айрықша мәнге ие болады.
Сонымен қатар бұл шаралар жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің біліктілік деңгейін айтарлықтай арттырып, кәсіпкерлік бастамашылығы бар халықтың басым бөлігін бизнес саласына тартуға септігін тигізуі үшін іс жүзінде елдің барлық аудандарындағы
мақсатты сегментті толығымен қамтуы қажет.


Бүгінде орта және ірі кәсіпорындардың экономикалық ахуалы төмендеуі себепті жұмысынан айрылған тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігі үшін өз ісін ашу және оны жүргізу бойынша тегін оқыту курстарын ашу оларға нақты көмек болатындықтан, елдегі жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мақсатында, ғаламдық дағдарыс зардаптарына төтеп беру жағдайында
Бағдарламада қарастырылған шаралардың көкейтестілігін ерекше атап өту қажет.


Бұл Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты 2009 жылғы 6 наурызда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында қойған мақсаттарына толықтай сәйкес келеді.


2. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Бағдарламаның басты мақсаты елдегі ШОБ-ң сапалы дамуын Қазақстанның барлық аудандарындағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар халыққа бизнесті ашу және оны тиімді жүргізу бойынша кешенді бірыңғай және қол жетімді білім беру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.


«Даму» Қоры осы мақсатқа қол жеткізуді мынадай міндеттерді шешу есебінен жоспарлап отыр:


· жеке бизнес ашу және оны тиімді жүргізу жөнінде қолданбалы сипаттағы қол жетімді және бірегей экспресс-курстар әзірлеу;


· Қазақстаннық барлық облыстарындағы аудандарда кәсіпкерлік бастамашылығы бар халық үшін және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін өз бизнесін ашу және оны тиімді жүргізу бойынша жүйелі негізде оқыту- тренингтерін өткізетін кәсіби лекторлар-тренерлер тобын құру;


· Халықтың басым көпшілігіне және оның ішінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Ұлттық даму институттарының қызметтерін әлеуетті пайдаланушыларына мемлекеттің кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің барлық құралдары бойынша белсенді ақпараттық қолдау көрсету;


· қызметі кешенді сипат алатын Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау орталықтарын әрі қарай құру үшін, Қазақстаннық барлық облыстарындағы аудан-дарда кәсіпкерлік бастамашылығы бар халықтың және жұмыс істеп жүрген кәсіп-керлердің нақты қажеттіліктерін анықтау негізінде қажетті ақпарат қалыптастыру.


3. ІСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМІ


3.1. Қаржылай емес қолдау көрсету мазмұны мен қағидаттары


Бағдарлама механизмінің негізгі мазмұны Қазақстаннық барлық облыс-тарындағы аудандарда кәсіпкерлік бастамашылығы бар халыққа және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге қысқамерзімді оқыту- тренингтері бойынша қызмет көрсетуге саяды.


Оқыту- тренингтері бойынша қызмет ақысыз көрсетіледі және оған мына-лар кіреді:


1. жұмыс істеп жүрген және өз бизнесін ашу және кәсіпкерлік қызметті тиімді басқару саласы бойынша әлеуетті кәсіпкерлердің білім деңгейі мен дағды-ларын арттыруға бағытталған қысқамерзімді (2-3 күндік) оқу курстарын ұйымдас-тыру, оған қоса:


· өз бизнесін ашу (істі бастау варианттары, саланы таңдау, бизнес-жоспар әзірлеу, қаржыландыру көзін іздестіру, қызметті жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық формасын таңдау, салық салу тәртібін, фирманың атауын таңдау, құрылтай құжаттарын әзірлеу, фирманы тіркеу, банктік шот ашу, қажетті рұқсат пен лицензиялар алу);


· Бизнесті жүргізу (бизнесті басқару, келісімшарттар жасасу негіздері, өндірістік үдерісті ұйымдастыру, тиімді басқару, бизнесті оқып үйрену, есеп жүргізу, бизнесті алға жылжыту: жарнамалау және маркетинг жүргізу, фирманы қайта құру және тарату, бизнесті сату);


· Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі шараларды түсіндіру.


2. Ақпараттық материалдарды, оған қоса:


· бизнесті жүргізу жөніндегі оқу құралдарын;


· ақпараттық-сараптамалық материалдар;


· шағын және орта кәсіпкерліктің әртүрлі салалары бойынша дайын бизнес-жоспарлар тізбесін тарату.


· Әрбір экспресс-курс таныстыру-таныту әдісінің заманауи үлгілері мен технологияларын қолдана отырып, оқыту-тренинг түрінде өткізілетін болады.


· Оқу курстарының, сонымен қатар ақпараттық материалдардың тақы-рыптары клиенттердің оқыту-тренингтерін өткізу үдерісінде анықталған сұранысы мен қажеттілігін есепке ала отырып, жүйелі негізде жетілдіріліп отыратын болады.


3.2. Тренер-лекторларды дайындау


Әзірленген әдістеме бойынша «Даму» Қорының аймақтық өкілдерімен бірлесе оқыту-тренингтерін өткізетін тренер-лекторлардың білікті штатын іріктеу мәселесіне баса көңіл бөлу керек.


Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің үйлестіруші, байланыстырушы ретіндегі рөлі өте маңызды болмақ.


Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шығындарды оңтайландыру мақсатында лекторларды іріктеу аймақтық қағидат бойынша жүзеге асырылады. Іріктеліп алынған лекторлар арасынан тренер-лекторлар тобы құрылып, олар кейіннен облыстың барлық аудандарына шығып, кәсіпкерлік экспресс-курстарын өткізетін болады. Облыстағы аудандардың санына байланысты, кейбір облыстарда бірнеше топ құрылады.


Тренер-лекторлардың оқыту-тренингтерін жүргізу жұмысы басталғанға дейін, экспресс-курстарды әзірлеушілер мен жоғары кәсіби лекторларды тарта отырып, олардың тиісті дайындығы өткізілетін болады


Бағдарламаны іске асыру үдерісі нәтижесінде қосымша тренер-лекторларды дайындықтан өткен кәсіби лекторлар өткізетін аудандағы экспресс-курстарды тыңдауға қатыстыру арқылы оларды қатар дайындау және біліктіліктерін арттыру жүзеге асырылатын болады.


Тренер-лекторлар ретінде тартылатындарға қойылатын міндетті талаптар:


· экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, бухгалтерлік есеп, маркетинг) саласында жоғары білімінің болуы;


· жеке бизнесті жүргізуде міндетті түрде тәжірибесінің болуы;


· қазақ, орыс тілдерін меңгеруі;


· кәсіпкерлікті дамыту идеяларын ұстанушылығы;


· азаматтық-құқықтық тұрғыда келеңсіз фактілердің болмауы.


Тренер-лекторларды іріктеу үдерісіне аталмыш процесті ұйымдастыруда тәжірибелері бар Жоғарғы оқу орындарының, бизнес-қоғамдастықтың – қоғамдық ассоцияциялардың мүмкіншіліктерін тарту қажет.


3.3. Кері байланыс


Экспресс-курс тыңдаушылары тиісті сертификат алған кезде, өзі туралы, бизнесі туралы, байланыс ақпараты туралы деректер бере отырып, тіркеуден өте-ді. Тыңдаушылар ұсынып, тіркелген деректер негізінде дерекқор қалыптасады. Оқу барысында лектор мен тыңдаушылар арасында сенімді қатынас қалыптасады. «Даму» Қоры тренер-лекторлар жұмысын және жалпы оқыту нәтижелерін бағалау кезінде пайдалану үшін, олардан ақпарат алу мақсатында тыңдаушылармен байланыста болады.


«Даму» Қоры тыңдаушылар ұсынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайлардан бөлек, жариялануға және тыңдаушылардың өздерінің келісімінсіз үшінші тұлғаға таратылуына болмайды.


3.4. Оқыту-тренингінің сапасын бақылау


Экспресс-оқытудың тиімділігі екі өлшем бойынша бағаланады:


1. Тренер-лектордың жұмысын бағалау;


2. Экспресс-оқыту тиімділігінің өзекті көрсеткіштерін бағалау.


Тренер-лектордың жұмысын барынша объективті қамтамасыз ету үшін, маркетингтік зерттеулер жөніндегі тәуелсіз агенттік тыңдаушыларды қордан тоқсан сайын кездейсоқ таңдай отырып, олардың пікірлері негізінде жүзеге асырады.


Бағалау соларға сәйкес өткізілетін негізгі өлшемдер:


· Курс шеңберінде алынған ақпараттың қаншалықты пайдалылығы;


· Алынған ақпарат бизнес шешімдер қабылдауға ықпал ете алды ма;


· Алынған ақпарат бизнестің өнімділігін арттыруға көмек ете алды ма;


· Алынған ақпарат жаңа бизнес ашуға көмек ете алды ма (жаңадан құрылған компанияларға ғана қатысты).


Нәтижесінде, тоқсан сайын бағалау негізінде, тұтынушылардың қанағаттанушылық индексі анықталады.


Экспресс-оқытудың тиімділігінің өзекті көрсеткіштері:


· Оқыту нәтижесінде өз бизнестерін ашқан тыңдаушылар үлесі;


· Клиенттің бизнесті ашуы нәтижесінде құрылған және мақұлданған жұмыс орындарының саны;


· Табыстылығын оқыту нәтижесінде ұлғайтқан клиенттер үлесі;


· Қаржыландыруды курс аясында алған ақпарат нәтижесінде жеке қаржы ұйымдарынан/ ҒЗЖ-дан алған клиенттер үлесі.


3.5. Қаржыландыру көздері


Қазақстаннық барлық облыстарындағы аудандарда кәсіпкерлік бастама-шылығы бар халықты және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді оқыту-тренингтерін өткізу ақысыз негізде жүзеге асырылады. Осы қызмет түрі коммерциялық емес бағытта жүргізілетіндіктен оған кететін шығындарды қаржыландыру мемлекеттің жылсайынғы қаражаттандыруы есебінен жүзеге асырылуы тиіс.


Сол себепті Бағдарламаның іске асырылуына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «НұрОтан» ХДП белсенді ат салысатын болса, онда Бағдарламаның алдын-ала құрылған шығыс бюджеті біршама аз болар еді.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР


Бағдарламаның іске асырылуынан мынадай нәтижелер күтіледі:


· оқыту-тренингтерді жаппай және бір рет өткізгеннің өзінде еліміздің барлық облыс аудандарындағы әлеуетті және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің кемінде 30 000 бірлігінің біліктілігін көтеру қамтамасыз етіледі;


· халықтың шағын және орта кәсіпкерлік саласында еңбек етіп жүрген экономикалық белсенді бөлігінің үлесін жалпы еліміз көлемінде де сондай –ақ аудандық деңгейде де ұлғайту;


· аудандардағы әлеуетті және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен мемлекет арасында тиімді диалог қалыптастыру;


· экономика саласындағы кәсіпкерлік рөлін танымал ету және мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты өткізіп отырған саясаты туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру;


· аймақтарда қызметтері кешенді сипатта болатын Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау орталықтарын кейіннен құру үшін қажетті алғышарттарды қалыптастыру.

Сохранить в соц. сетях:
Обсуждение:
comments powered by Disqus

Название реферата: Ша ын ж не орта к сiпкерлiктi азiргi жа дайы

Слов:5568
Символов:73327
Размер:143.22 Кб.